$ 444.22  476.38  4.82

Қ.Асылов: Инновациялар қолданыстағы тәжірибелермен үйлесуі тиіс

Талдықорған қаласындағы «Тіл сарайы» ғимаратында «Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация» атты республикалық семинар өтті.

Шара мемлекеттік тілді оқыту әдістемелерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен өтіп отыр.

Аталған шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуаныш Асылов, Алматы облысы әкімінің орынбасары Омар Жақсылық Мұқашұлы, облыстардың тілдерді дамыту басқармаларының және барлық мемлекеттік тілдерді оқыту орталықтарының басшылары, ғалымдар, шығармашылық интеллигенция өкілдері және көрнекті қоғам қайраткерлері қатысты.

Талқылау барысында мемлекеттік тілді оқытудың өзекті мәселелері сөз етілді. Әдіскерлер мен облыстық оқыту орталықтарының басшылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік кластарын өткізді.

Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуаныш Асылов өз сөзінде алдыңғы қатарлы тәжірибелерді ескере отырып, мемлекеттік және басқа да тілдерді оқыту әдістемесін жетілдірудің маңыздылығын, сонымен қатар қазақ тілін оқытудағы қалыптасқан әдістерді сақтау қажеттігін атап өтті.

Шара қорытындысы бойынша өңірлік басшылар мен оқыту орталықтарының басшыларына мемлекеттік тілді оқыту үрдісінде жаңа тәсілдер мен инновациялық технологияларды енгізу бойынша ұсыныстар берілді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары