$ 449.58  486.94  4.86

Ұзақ жыл тоқырап тұрған ет комбинаты қайта іске қосылды

Алматы облысында өткен жылы құрылған «Майтөбе-Ет» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі ұзақ жыл тоқырап тұрған ет комбинатын қайта жаңғыртты. Оның құрамына жақын орналасқан Қарашоқы ауылындағы 26 шаруашылық біріккен. Олар несиеге бұқа сатып алып, алғашқы бордақыланған ірі қара легін кооперативке өтікізіп те үлгерді. Кооператив тұрғындардың малын соятын цехтың жұмысын жандандырып, олардың тауарларын Алматы және Қапшағай қалаларының сауда нүктелеріне өткізіп береді.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ қаржысын «Береке» бағдарламасы бойынша 24 қатысушы алып отыр. 61,5 млн теңгеге несиеге 340 ірі қара мал басын басы сатып алынған.

«Майтөбе-Ет» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің басшысы Баясыл Ақбасовтың айтуынша, копрперативке Қарашоқы ауылындағы 26 шаруа кірген.

- Осыған дейін біз ауысымға 2 тонна өнім берсек, қазір одан 2 есе көп шұжық шығарамыз. Жергілікті тұрғындар бізге етті жақсы бағамен – килограммына 1250 теңгеден өткізуге мүмкіндік алса, біз өз жұмысымыз үшін қажетті етті тұрақты түрде қабылдап, қамтамасыз етіп отырмыз. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» 6,5 млн. теңге алдық. Болашақта тағы несие алып, техника мен құрал-жабдықтарды сатып алу жоспарымыз бар. Қажетті құралдардың бағасы 2 есе төмен болады, себебі бағасының 50 пайызын мемлекет субсидиялайды. Кооперативке бірігуге деген қызығушылық артып келеді. Бұрын шаруаларды үгіттеу қажет болса, қазір тағы 20 отбасы АӨК-ге өздері кіруге құлшыныс танытып отыр.

«Майтөбе-Ет» 2016 жылдың қарашасынан бері кооператив мүшелерінен ет қабылдай бастады. Бүгінгі таңда бұл кооперативте 1200 тонна шұжық өндіріліп, ет пен шұжық Алматы, Қапшағай қалаларындағы сауда орындарында саудалануда.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Алматы филиалының директоры Мәди Ибадуллаев:

- Алматы облысында 11 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, 300-ге жуық жеке шаруашылықты біріктірді. Құрылған кооперативтердің 7-еуі сүтті және 4-еуі етті бағытта жұмыс жасайды. Құрылған кооперативтердің 230 мүшесі Қордан жеңілдетілген несие алды. Облыс бойынша 600 млн. теңгеге 3 мыңға жуық ірі қара мал басы сатып алынды. Бұл жұмыстың арқасында 416 адам жұмыспен қамтылып, тұрақты табыс тауып отыр. Шағын шаруашылықтар кооперативке өзінің өнімін өткізіп, алғашқы кірісін көре бастады. Ал өндірілген өнім облыстың сүт зауыттары мен ет комбинаттарына жеткізілуде.

Бұл жұмыс Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасының аясында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін арттыру және ауылды жерлерде жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жүргізілуде.

Д.Жұмақұлова

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары