$ 446.49  475.38  4.79

«Мерейлі отбасы – 2017» ұлттық байқауына қатысатын отбасылар іріктелді

Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша «Мерейлі отбасы – 2017» жалпыұлттық конкурсының жеңімпаздары анықталды. Енді олар Алматы қаласы бойынша өтетін байқауда бақтарын сынайтын болады.

Аудан бойынша байқауға қатысуға 10 отбасы ниет білдіріп, құжаттарын тапсырған. Солардың арасынан комиссия мүшелері келесі кезеңге үш отбасын өткізді.

Керімбаевтар – педагогтар отбасы. Отау құрғандарына 17 жыл толған. 5 баласы бар. Пошахаевтар отбасы 3 қыз тәрбиелеп отыр. Ал Толымбековтер жанұясы Алматы автомеханика колледжінде еңбек етеді.

Осымен төртінші жыл қатарынан өтетін ұлттық байқауға қатысуға ынталы жандар көп. Алайда, үздіктердің үздігі ғана мәреге жете алады. Олар белгіленген құжаттарды тапсырады. Барлық марапаттаулары мен сертификаттарын тапсырады. Бейнеролик түсіріп, отбасын таныстырады.

Қазақстандық отбасы имиджін көтеру мақсатында ұйымдастырылған бұл байқау алдағы уақытта та жалғасын таппақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары