$ 448.89  477.93  4.76

Алматы қаласының Әуезов ауданында ең үздік отбасылар таңдалды

Отбасылық жарасымды насихаттайтын «Мерейлі отбасы – 2017» Ұлттық байқауының аудандық іріктеу туры жалғасын тапты. Алматы өнер мен мәдениет ордасы десек, мұнда өнерлі отбасылардың көп екені даусыз.

Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының іріктеу кезеңі осы айтқанымызға дәлел бола алады. Аудандық байқауға қатысқан 6 отбасы да үлгі тұтуға жарарлық. Тектілік, тәрбие, өнер мен мәдениет – бәрі де осы қатысушы отбасылардан кездесетін игі қасиеттер.

Байқау барысында қатысушы әулеттер отбасылық жеңістері мен спорттағы, мәдениет пен өзге де салалардағы жетістіктері, өзіндік ұстанымдары жайлы айтып, негізгі құндылықтарымен бөлісті.

Алматы қаласы Әуезов аудандық «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсын өткізу жөніндегі комиссия Жұматаевтар, Бейсембаевалар мен Баратовалар отбасына келесі кезеңге жолдама берді.

Комиссия мүшелері «өтінім жібергендер арасында өнерлі, өнегелі отбасылар көп болды, таңдау жасау қиынға түсті», - дейді.

«Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсында жеңіске жеткісі келетін кез келген жанұя отбасылық институт іргетасының берік болуы үшін қажет қасиеттер мен қағидаларға көрсете білуі қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары