$ 444.32  473.33  4.76

Шымкенттегі Қошқар-ата өзененінің жаңасына жаңа шағынаудан салынатын болды

Осыдан бірнеше жыл бұрын Шымкенттегі Қошқар ата өзенінің маңы адам көргісіз күйде жататын. "Қошқар ата" дегенде көз шымкенттіктердің көзіне тым ескі үйлер, лайы шыққан жолдар, жезөкшелердің тұрағына айналған моншалар елестейтін. Бірақ, бұл бірнеше жыл бұрынғы жағдай. Қазір өзеннің жағасы нағыз демалыс орнына айналған.

Ал, келер жылдан бастап осы маңайдағы ескі үйлердің бәрі сүріліп, орнына "Жанарту" бағдарламасы аясында су жаңа шағынаудан салынатын болады. Жаңартылуы тиіс ауданның жалпы көлемі – 29 гектар.

Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін Қошқар ата өзенінің оң жағалауындағы 460 нысан сүрілмек. Соның ішінде 420 жекеменшік үй бар. Сәулетшілердің жоспарынша, бұл нысандар сүрілген соң орнына 9 және 12 қабатты 61 үй және балабақша салынады. Сондай-ақ, мұндағы мектеп кеңейтіліп, танымастай өзгереді дейді жауаптылар.

"Коммерциялық нысандар да салынбақ, дегенмен, олар халыққа қатты кедергі келтірмеуі тиіс. Олар әдеттегі тыныш шағынаудандардағы секілді нысандар болмақ. Ал үйлерді мемлекет мұқтажына алу мәселесі біртіндеп шешілмек. Бұл тұста бірнеше жол қарастырылған. Мысалы, бірінші жоспар бойынша тұрғындарды уақытша үйлерге көшіріп, құрылыс аяқталған соң бұрынғы үйлерінің ауданымен тең болатын пәтер беріледі. Ал өзге жоспар бойынша тұрғындардың үйлері бағаланып, сатып алынбақ. Енді бұл екі жолды тұрғындардың өздері таңдайды", - дейді Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

Бұған қоса қазіргі таңда Қошқар ата өзенінің бастауынан Ордабасы алаңына дейінгі сағасын кеңейту жобасы талқылануда. Ол жүзеге асқан соң өзен танымастай өзгереді дейді жауаптылар. Олар өзен жағасында өсіп тұрған ағаштарды толық сақтап қаламыз деп сендірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары