$ 498.55  524.28  4.75

Б.Байбек шетелдік делегаттарға Алматыны «ақылды қалаға» айналдыру жұмыстары жайында айтып берді

Бүгін Алматыда Анлиядан, Израиль мен АҚШ-тан, Даниядан келген сарапшылар, мемлекеттік орган басшылары, бизнес-қоғамдастық, ҮЕҰ өкілдері қаланың барынша маңызды мәселелерін шешуде инновациялық технологияны ұтымды қолдану жолдарын талқылайды.  VI Инновациялық форумның басты тақырыптары – Индустрия 4.0-діің концепциясы, сандық экономика және  Smart City технологиясын енгізу.

Қала әкімі Бауыржан Байбек өзінің сөзінде Мемлекет басшысының тұрақты қолдауы арқасында Тәуелсіздік жылдары Алматының шикізаттық емес экономикасы бар ірі мегаполиске айналғанын, бизнес пен жеке капитал қаласы әрі өңірлік индустриалды және инновациялық хаб екенін айтты.

«Бүгінгі күні нарықтағы жаһандық бәсеке барысында жетекші мегаполистер сервистік қаладан инновациялық смарт-ситиге өтуде. Smart Almaty концепциясына  негізінен экономика, экология және қоғам мүдделерін теңестіру еніп отыр. Әлемдегі үздік тәжірибелер мен қала тұрғындарының талабы барысында біз басты бағыттарды анықтадық. IDC халықаралық компаниясымен бірге Алматыда «Ақылды қала» деңгейінде кешенді сараптама жүргіздік, нәтижесінде әлсіз аймақтар анықталды, сонымен қатар, мәселелерді жүйелі түрде шешетін 7 базалық жоба жасалды. Дегенмен, біз тек сандық технологияны ғана енгізуді мақсат етпейміз. «Ақылды қала» – түрлі ұтымды технология және бұқара мен биліктің өзара түсіністік мәдениеті. Технология – бұл басқару процесстері арасындағы ынтымақтастықты жақсарту, тиімділікті арттыру. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес»,-деген еді. Сондықтан біз  өзгерістерге, түрлі креативті идеяларды енгізуге, осы жолда бірігіп  алға жылжуға дайынбыз», - деді мегаполис басшысы.

Мысалы, «Жайлы қала» жобасы арқылы Алматы машиналардың емес, адамдардың сүйікті қаласына айналады. Қоршаулар алынып тасталып, кеңістіктер ұлғаяды. Қала тұрғындарымен бірігіп жүргінші көшелерінің, саябақтар мен скверлердің, трамвай депосын қайта түлетудің және басқалардың алғашқы эскиздері жасалды. Мұндай вектор қала тұрғындарының кеңінен қатысуымен және халықаралық сарапшылардың ұсынуымен «Алматы-2020» бағдарламасы аясында қабылданды. Бұл тәжірибені БҰҰ-ның Экономикалық Комиссиясы мен Әлеуметтік Кеңесі Азия және Тынықмұхит өңіріндегі елдер үшін ең үздік ретінде атап өтті.

Қалада ауқымды көлік реформасы да жалғасын табуда. Тасымалдың ашықтығын қамтамасыз  ету үшін көліктің ақы төлеу картасы енгізілді, осындай 1,3 млн. карта сатылды, бұл халықтың 70%-ы.Көлік қозғалысы бөлігін жеңілдету мақсатында инновациялық паркоматтар орнатылды. Systra халықаралық кеңесшілерімен бірге жол қозғалысын кешенді өзгерту жүйесі қолға алынды, айрықша жолақтар пайда болды, биыл олардың ұзындығы 92 километрге жетеді. BRT құрылысы басталды, жаңа қолайлы автобустар сатып  алынды. Орбитадан Көкбазарға дейін ұзындығы 21 км болатын велодәліз жасалады, велсипедті жалға беретін Almaty Bike жүйесі жұмыс істеуде, қазір мұндай 50 бекет бар, қазан айының соңына дейін олардың саны 150-ге жетеді.

Мемлекеттік құрылымның ашықтығын қамтамасыз ету үшін «Open Almaty» атты пилотты жоба енгізілді, мұнда әрбір сауал өмірлік маңызды жағдай ретінде қаралады. Қазіргі кезде қабылдау онлайн арқылы жүруде, күзде қосымша колл-орталықтар мен  әкімдіктің фронт-офисі ашылады. «Бір терезе» қағидасы бойынша әкімдік пен құқыққорғау құрылымдарының қызметкерлері адамдарды қабылдайды. Келесі бағыт – тұрғындарға қолжетімді сервис. Тәжірибе көрсеткеніндей, ПИК-тердің келеңсіз жұмыстары туралы 2 мыңнан астам шағым түседі екен. Бүгінгі күні алматылық «ПИК порталы» жұмыс істей бастады,  мұнда ПИК-тердің мекен-жайлары, нормативті құжаттар, көмекші  нұсқаулар жарияланған. ПИК-тердің бюджет шығындарының жұмсалу  ережесі, жөндеу жұмыстары мен  басқа да тарифтер, бос алаңдарды  жалға беру , адами капитал, жылу маусымына дайындық мәселелері де жария етілген. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға қатысты айтылған ұсыныс- пікірлер де осында

«Ашық бюджет» жобасында мекемелердің қаншпалықты шығын жұмсағандықтары туралы ашық мәліметтер бар және  қала тұрғындары өзекті мәселелерді де біліп отырады. Ал бұл инвесторларға бюджетті саралауға, қаржының қалалық жобаларға бөлінгенін білулеріне мүмкіндік жасап, МЖӘ қағидаларын өз жағдайына жасауға ықпал етеді.

Жекелеген мемлкеттік органдар мен шенеуніктердің ақпараттық монополясын бұзу үшін Big Data жүйесі жасалды. Мысалы, Алматы Басжоспар порталында қажетті түрлі мәліметтер жаряиланған, мұнда қызыл жолақтарды, жылу  және электр жүйелерінің қуатын, сумен қамтамасыз етіуді, жалпы бәрін көруге болады, осының арқасында инженерлік жобаларды жасау 2 есге қысқарды.

Қала әлеуетін арттырудың басты бағыттарының бірі – қауіпсіздікті күшейту. Алматыда қылмыстың алдын алу мен мониторинг жүргізудің цифрлы жобасының енгеніне 5 жыл. Видеофиксация камереларының арқасында қоғамдық орындардағы ұрлық едәуір қысқарды, 2 миллионнан астам ЖКО  белгілі болды. Үш жыл қатарынан қала мектептерінде видео-фиксация жүйесі жұмыс істейді. МЖӘ негізінде сервисті контрактті бала бақшаларға енгізу де жоспарланған.

Қала әкімі Бауыржан Байбек өзінің сөзінде бүгінгі күні  Алматының өңірлік магнит, қаржы және туристік орталық екенін айтты. Жоғары біліми және ғылыми тартымдылық, қала кеңістігінің жайлылығы қаржы және адами капиталды өзіне қызықтырады. Worldwide Cost of Living таяуда жарияланған рейтингі Алматыны адамдар үшін барынша жайлы, арзан әрі тартымды қала деп атап өтті.

Алматы – жастардың және жаңа идеялардың қаласы. Мегаполисте инновациялық шешімдер үшін жақсы инфрақұрылым қалыптасқан. Мұнда 80-нен астам ғылыми- зерттеу институттары,140 мыңнан астам студенттер білім алатын ел университетерінің үштен бірі орналасқан. Елдің ғылыми шығындарына кететін шығынның 40%-ы  біздің қалаға тиесілі.

Алматы – бизнес пен жеке капитал қаласы, өңірлік индустриалды және инновациялық хаб. Бүгінгі күні экномиканың 80%-ын сауда мен қызмет көрсету құрайды. ЖӨӨ-нің үштен бір бөлігін жұмыс істейтін 10 адаманың 7-ін қамтыған шағын және орта бизнес беруде. Қаланың бір тұрғынына шаққанда ЖӨӨ 17,5 мың долларды құрайды. Қалада халықаралық ұйымдар мен транскомпаниялардың 60- тан астам  офистері орналасқан.

БҰҰ-мен бірігіп Өңірлік Хабты ашу жөніндегі жұмыс келер жылдың күзінде жүзеге асады. Ұлттық банк, қазақстандық және шетелдік жетекші банктердің бас офистері де Алматыда. Олар несиелік қолжетімділікті қаматасыз етуде. Мысалы, еліміздің несие қоржынының 63%-ы Алматыда берілген. Оның 3 млрд. доллары ШОБ-несиесі.

Алматы  әкімі индустриалды және инновациялы экономикада адами капиталдың басты рөл атқаратынын айтты. «Алматылықтар креативті, олардың бойында кәсіпкерлік рух дамыған, олар бизнесті жасай алады. Қала тұрғындары- біздің басты бәсекелестеріміз», - деді Б.Байбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары