$ 443.35  475.54  4.82

Алматыдағы балалар оркестрлерінің шеруіне 5 мыңнан астам оқушы қатысты

Биыл еліміз бойынша халықаралық балаларды қорғау күні ерекше тойлануда. Қазақстанның барлық өңірлерінде балалар мен жасөспірімдердің музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтті. Ал, Алматыда өткен парадқа 5 мыңнан астам оқушы мен колледж студенттері қатысып, мерекенің ажарын аша түсті.

Шеруге қатысқан жастардың барлығы арнайы іріктеуден өткен. Бірнеше ай дайындық жұмыстары жүргізіліп, барлығы жаздың алғашқы күні бар шеберлігін ортаға салды. Республика алаңында өткен шеруге қатысшуларға қолдау көрсетуге келген халықтың қарасы көп. Ауқымды көлемде тойланған мерекеге Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек арнайы келді.

Шеруді қалалық Бауыржан Момышұлы атындағы республикалық әскери мектеп-интернатының өрендері бастады. Одан бөлек, барабаншылар, үрмелі аспаптар оркестрлері мен ансамбльдері, жастар мен балалар хоры да сап түзеп жүріп өтті.

Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған шеруге Алматының 8 ауданының жастары қатысып отыр. Олардың жалпы саны 5000 адамды құрады.

Республика алаңында жүріп өткен өрендер тек елімізде ғана емес, халықаралық сайыстарда жүлделі орын алған. Олар ән, би, спорт байқауларының үздігі. Қатысушылардың киген біркелкі киім үлгілері мерекелік көңіл-күйді еселей түсті.

«Бүгінгі іс-шараға қатысып отырғандардың бәрі Алматы қаласында 30 мыңнан астам оқушы қосымша білім беру ұйымдарына қатысады. 100 мыңнан астам бала түрлі үйірмелерге, секцияларға қатысады. Бүгінгі шеруге келген 5 мың бала осы жарыстардың, байқаулардың жеңімпаздары, арасында халықаралық байқаулардың жеңімпаздары бар. Республикалық байқаулардың жеңімпаздары бар. Осындай мыңнан жүйрік, жүзден тұлпар балалар алаңға жиналып отыр», - деді қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Жылқыбаева.

Ауқымды шерудің басты мақсаты – жастардың патриоттық сезімін, отансүйгіштік қасиетін арттыру. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын іске асыруға қаланың батыл, шығармашыл жастары атсалысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары