$ 498.34  519.72  4.85

"Нұрлы жол" бағдарламасы Алматы мен Павлодар облыстарында баяу жүріп жатыр

Бүгін ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында жарты жылда атқарылған жұмыстар жайы айтылды. Жиын барысында белгілі болғандай, 2017 жылдың 6 айында республика бойынша 47 738 тұрғын үй пайдалануға берілген деп жазады sputniknews.kz.

"Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға артық. Тапсырылған үйдің көлемі бойынша Астана және Алматы қалалары, одан кейін Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары алда келеді. Астанада 1 миллион 510 мың шаршы метр, ал Алматыда 928 мың шаршы метр баспана салынды", — деп баяндады үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Оның айтуынша, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары және Астана қаласында тұрғын үй құрылысында өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары қарқын байқалады. Ал Алматы және Павлодар облыстарында бұл көрсеткіш төмен.

"Салынып жатқан үйлерді уақытында тапсыру үшін биылғы жылы өңірлерге 33 миллиард 800 миллион теңге бөлінді. Қаражаттың 29,3 миллиард теңгесі немесе 86,6 пайызы игерілді. Жалпы, республика бойынша 3 633 км желі салу жоспарланған. Әкімдіктердің мәліметі бойынша тұрғын үй салынатын аудандарға барлығы 1 436 км желі төселген", — деді ол. 

Министр атап өткендей, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында инженерлік коммуникация құрылысы бәсең жүріп жатыр.

"Сондай-ақ, кейбір облыстарда инженерлік желілерді тапсыру бойынша жоспарлы көрсеткіштер төмен. Ақмола облысында бар болғаны 8 км, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында 28 км-ден инженерлік желі салынып біткен", — деді Қасымбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары