$ 443.85  474.3  4.8

Астана әкімдігі «Нұрлы жер» бағдарламасына бөлінген миллиардтарды іске жарата алмай отыр

Бюджет ақшасын ұқсата алмаған қалалардың көшін Астана бастап тұр! Алғашқы жарты жылдыққа ел қазынасынан түрлі әлеуметтік жобаға деп бөлінген қыруар қаржының 16 миллиард теңгесі тағы игерілмей қалған. Соның тең жартысы Елордаға тиесілі деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Мұнда шенеуніктер әсіресе «Нұрлы жер» бағдарламасын қаржыландыру бойынша артта қалып келеді. Яғни, жұртты жер мен баспанаға қарық қылуы тиіс жобаға бөлінген төрт жарым миллиардтың жартысынан астамы жұмсалмай шотта бос тұр. Соның кесірінен жұртқа пәтер кезегін тағы біраз күтуіне тура келеді. Десе де, атқамінерлер қолда бар ақшаны ұқсата алмауының себебін тендердың кеш өткізілуімен түсіндіріп отыр. Ал Астанадан кейін миллиондарды игере алмағандардың тізімін Алматы, Қызылорда, Ақмола және Жамбыл облыстары жалғап тұр. Бүгін премьер-министр бұл аймақтардың басшыларына қатаң ескерту жасады.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР премьер-министрі:

- Бюджет ақшасының жұмсалуына маниторинг жасап, қатаң түрде бақылауымыз керек. Қазірдің өзінде қолда бар ақшаны ұқсата алмай отырсыздар. Әлі уақыт бар. Екінші жарты жылдықта жіберген қателіктеріңізді түзеңіздер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары