Алматыда «2017 жылға арналған техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі саласындағы мамандарды оқыту және біліктілігін арттыру» атты үш күндік семинар өтуде.
Бұл семинар қарапайым мамандардан бастап басқарушыларға дейінгі қызметкерлердің кәсіби құзіреттілік деңгейін жетілдіруді мақсат еткен.
Аталмыш араның ерекешелігі Алматыға арнайы Австрия ASI стандарт институтының докторы, азаматтық құрылыс саласындағы сарапшысы Йохен Ханс Форнатер келген. Өзі ісінің маманы деп танылған бұл кәсіпкер қазақстандық мамандарға құрылыс материадары мен өнімдері туралы дәрістер оқып, тәжірибесімен алмасуда.
–Құрылыс саласы бойынша осындай семинарлар қызықты әрі пайдалы. Австрияда тоғыз ұлттық регламент бар. Барлық кәсіпкерлер осы талаптарға сай жұмыс істейді. Мен бүгін Алматыға өз елісміздің тәжірибесімен алмасуға келдім. Қазақстандық кәсіпкерлерге бизнестегі Еуропалық принциптер мен Австрилық регламенттерді, Еврокодтың нормалары туралы айтып, құрылыс саласындағы өз тәжірибеммен бөлісемін, - дейді Йохен Ханс Форнатер.
Семинардың ашуылуында сөз алған «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК бас директорының орынбасары Қуаныш Елікбаев құттықтау сөзден кейін Евразиялық экономикалық одақтың кәіпкерлер үшін тиімділігіне тоқталды. Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ аясында қазақстандық кәсіпкерлер біраз мүмкіндіктерге ие болмақ. Атап айтқанда, кәсіпкерлердің жобаларының техникалық регламенттері және оларды құжаттандыру одаққа кіретін елдер арасында жеңілдіктер мен мүмкіндіктерін арттырады.
–Қазақстандық кәсіпкерлер семинарға қатысу арқылы халықаралық стандарттарға сай құжаттандыруды, өз өнімдерін шетелдік нарыққа шығарудың мақсатты жолдарын айқындай алады. Мен семинардағы өз лекциямда кәсіпкерлерге Қазақстандағы стандарттау сферасының жаңа бағыттары, халықаралық стандарттау системасы, оның ішінде америкалық, неміс және қытайлық стандарттау жүйесі туралы дәріс оқып, бағыт-бағдар берудемін. Ары қарай жұмыс істеу бұл біздің кәсіпкерлердің өзіне тікелей байланысты, - дейді Қуаныш Нұрланұлы.
Семинарда қатысушыларға Еуразиялық экономикалық одақта техникалық, метрология және менеджмент саласында қандай өзгерістер болып жатқаны оқытылуда. Айта кетейік, Техникалық реттеу және метрология комитетінің мәдіметінше, бүгінгі күні Еуразиялық экономикалық одақта 40 техникалық заң қабылданған. Оның 35-і күшіне еніп, бесеуі қарастырылу үстінде екен.
Негізінен техникалық регламенттер, Кеден одағының техникалық регламенттер өнімдердің қауіпсіздігіне басты назар аударылады. Әрбір өнім нарыққа шықпас бұрын сәйкестік сертификаттан өтеді. Яғни сәйкестік сертификаттары осы техникалық регламенттердің негізінде беріледі. Бүгінгі семинарда техникалық реттеуі саласында сарапшы аудиторлар және шетелдік дәріскер дәрісінен кейін, қатысушыларға сертификаттар беріледі.
–Техникалық жағынан Кеден одағына түскенен кейін осы бес мемлекеттегі берілген сертификат сәйкес сертификаты ешқандай кедергісіз Кеден одағына мүше елдерге ешқандай кедергісіз ары бері алмасуға өнімдерді өткізуге мүмкіндік береді. Яғни ол сәйкестендірілген сертификат Кеден одағының сертификаты болуы керек. Енгізілуге ұсынылып отырған 5 техникалық регламенттердің жаңа ережелері ғимараттардың, қоршаған ортаның қауіпсіздігіне байланысты болмақ, -дейді жетекші маман Балнұр Сұлтанова.
Айта кетейік, Алматы қаласында өтіп жатқан «2017 жылға арналған техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі саласындағы мамандарды оқыту және біліктілігін арттыру» атты семинарға Алматы қаласы және облысы бойынша 50 кәсіпорындары мен 100-ден астам кәсіпкерлер қатысуда.
Ақбота Мұсабекқызы