$ 445.66  474.58  4.78

Ағылшынтілді мұғалімдердің жалақысы 35 мың теңгеге артатын болды

Физика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдердің жалақысына қосымша үстемақы төленетін болады деп мәлімдеді Хабар телеарнасы.

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру департаменті директорының орынбасары Зейнеп Мақсұтова айтқан. Оның сөзінше, үстемақының мөлшері шамамен 35 мың теңге болады.

Осы оқу жылының өзінде мыңнан астам мұғалім біліктіктілік курсынан өткен. Ағылшын тілін оқыту курстарының мерзімі 3 айдан 10 айға дейін жалғасты. Жалпы, 30 мыңға жуық мұғалімге ағылшын тілін меңгерту жоспарланып отыр.

Айта кетейік, 2019 жылдан бастап елімізде үш тілді білім беру жүйесі енгізіледі. Бұл «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 79-қадамын іске асыру мақсатындағы әрекет болмақ. Онда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу туралы айтылған. Жаңа жүйе білім саласының экспорттық әлеуетін көтеруді көздейді.

Зейнеп Мақсұтова, ҚР БҒМ департамент директорының орынбасары:
- 2013 жылдан бастап, бірінші сыныптарда ағылшын тілін пән ретінде енгізгенбіз. Былтырдан бастап, ол 1 сағатқа көбейді. Сондықтан біздің оқушылар физика, химия, биология, информатика пәндерінен ағылшын тілінде білім алуға дайын деп есептейміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары