$ 498.51  522.84  4.81

Бронислав ШИН: «Қазақстан дінаралық татулық тұрғысында өзге елдерге үлгі болып отыр»

Қазақстан – 140-тан астам ұлт өкілдері және көптеген конфессия мен ұлт өкілдері қатар өмір сүріп келетін көпқұрамды мемлекет. Бүгінгі күні мемлекеттік және әлемдік масштабтағы ресми өкілдер орталарында Қазақстан этносаралық және конфессияаралық келеңсіздіктері жоқ санаулы ғана «оазистердің» бірі болып табылады деген түсінік қалыптасқан.

Біздің елімізде мекен еткен әр халықтың бірлігі үшін Қазақстан Халықтары Ассамблеясы жұмыс істейді. Біз осы ассамблея аясында Алматыда жұмыс істеп келе жатқан қалалық Корей ұлттық орталығының басшысы Бронислав Шинға бірнеше сауал қойып, Ассамблеяның корей диаспорасының өміріндегі ролі туралы сұрап білдік.

– Корей Ұлттық орталығының басшысы ретінде, конфессияаралық келісім туралы мемлекеттің саясатына көңіліңіз тола ма?

– Қазіргі таңда Қазақстанда дәстүрлі діни және этникалық төзімділік жоғары деңгейде қалыптасқан. Демократиялық қоғам құру процесінде түбегейлі мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынас өзгерді. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңына сәйкес, «Ождан бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Діни сенім бостандығын күшейту заңнамасы жолға қойылды. Мемлекет азаматтардың этникалық және діни көзқарасына қарамастан азаматтардың теңдігін таниды және сақтайды. Адамдық және азаматтық құқытарға тыйым салуға шектеу қойылған.

– Конфессияаралық келісімнің сіздердің орталыққа әсері қандай?

– Біздің републикамыз көпұлтты ғана емес, көпконфессияалды қоғам екені белгілі. Сол себепті де түрлі діни бірлестіктердің жұмыс істеуі, әр түрлі ұлт өкілдерінің бірге өмір сүруі көз қуантатын жағдай деп білемін. Әр адам діни ғибадат құқығын таңдау ерікті болып табылады. Ал біздің Алматы қалалық Корей ұлттық орталығымыз қалалық «Бір шаңырақ астында» фестиваліне қатысқан. Біз бұл үшін қуанышытымыз. Орталығымыздың істерін, жетістіктерін көрсететін қандай шара болса да біз қатысуға, белсенділік танытуға дайынбыз.

– Көпұлтты Қазақстан Республикасы ұстанып отырған бейбітшілік пен тұрақтылық саясаты өз міндетін толыққанды атқарып отыр деп есептейсіз бе?

– Қазақстан шығу тегі әртүрлі және діни сенім-нанымдары түрлі адамдардың бейбіт қатар өмір сүруінің мүмкіндігін көрсететін мысал болып отыр әлем елдеріне. Және тағы бір айтып кететін жайт, біздің еліміз діндердің жаһандық үнқатысудың алаңы болып табылады. Кез келген дін мәселесінде әлемдік сахнада еліміз әрқашан белсенділік танытады. Бұл Қазақстанды мекен еткен халықтар үшін қауіпсіз әрі қуаныш деп білемін.

– Корей Ұлттық орталығының белсенді екенін айтып отырсыз. Осы орайда, мемлекеттік саясатты қолдау аясында сіздің орталық қандай нәтижелі жұмыстар атқарды?

– Алматы қалалық Корей ұлттық орталығы Қазақстан жастарын қолдау мақсатында әлеуметтік жобаларды іске асырып келеді. Мәселен, 2016 жылдан бері заманауи Корей мәдениетін көрсететін «K-POPSTAR.KZ» жобасын атап айтсақ болады. Бұл фестивальге кі жылдың ішінде 12-27 жас аралығындағы 3000 мыңнан астам адам қатысты. Алматы қалалық Ассамблея немесе қала басшылығы ұйымдастырған кез-келген шараға біздің этнос өкілдері белсене қатысады. Алматы Корей орталығының өзінде жалпы саны 600-ге жуық белсенді бар. Әрине, оның бәрі Ассамблея шараларының тұрақты қатысушысы екенін мақтанышпен айта аламыз.

– 1 мамыр Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні екені белгілі. Және осыдан бөлек Корей Ұлттық орталығы үшін күнтізбеде қандай айтулы күндер бар?

– Біз Алматы қалалық Корей ұлттық орталығы шығыс календары бойынша жаңа жыл қарсаңында «Соль Наль», Корей мәдениеті күнін, «Халықтар бірлігі күнін» мерекелетеміз. Сондай-ақ, Алматыда Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымның қатысуымен өтетін түрлі көрмелер мен конференцияларға атсалысып, қатысып, қолдау білдіреміз. Мұның бәрі біз үшін жұмыс қана емес, әр тыныш күніміз мереке деп білеміз.

– Конфессияаралық келісімдегі ынтымақтастық туралы ойыңызбен бөліссеңіз?

– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ мемлекеттік қоғамда еліміздің негізгі байлығы этносаралық және конфессияаралық келісімі екенін белгілеп қойды. Содан бері қаншама жылдар өтті. Біздің республикамыз тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтті. Келесі жылы Қазақстан Халықтар Ассамблеясының күні болады деп белгіленген. Президент «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында ең маңызды фактор бейбітшілік пен этносаралық келісімді сақтау екенін көрсетті.

–Әңгімеңізге рахмет! ­­

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары