$ 498.51  522.84  4.81

Махинур Исраилова: «Қазақстан ұйғырлары елдегі конфессияаралық татулықты нығайтуға атсалысып келеді»

Қазақстан әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қомақты үлес қосуда. Тәуелсіздік жылдары біздің мемлекет аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған бірқатар бастамаларды ұсынды. Астанада әр үш жыл сайын әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съездері өтіп тұрады. I Съезд 2003 жылы өтті, II Съезд – 2006 жылы, III Съезд – 2009 жылы өткізілді. Қазақстан басшысының шақыртуын ислам, православие, католик, протестантизм, буддизм, индуизм, конфуциандық, иудаизм және басқа да көптеген діндердің өкілдері қабыл алды.

Біз осы орайда еліміздегі конфессиялық жағдайдың қоғам ішіндегі рөлі туралы Алматы қалалық Ұйғыр этномәдениет орталығы басшының орынбасары Махинур Исраиловқа бірнеше сауал қойдық.

– Махинур Вильямқызы, өзіңіз қоғам ішіндегі конфессиялық аxуалды қалай бағалайсыз?

– Біздің ойымызша, қоғам ішіндегі конфессиялық жағдай айқын емес және қара-қайшылықты. Салафиттер, Иегова Куәгерлері, оккультті-мистикалық «Алля аят» және т.б дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен секталардың қоғамның бақылауы мен санасына елеулі әсері бар.

– Мемлекетіміздің конфессияаралық келісім туралы саясатқа көзқарасыңыз қандай?

– Қазақстан Республикасының аумағында барлық діни конфессиялардың үрдістері мен түрлі секталарға ашық мүмкіндік берілді. Соңғы жылдары елімізде халықаралық конфессиялық келісім саясаты дұрыс жолға қойылды деп ойлаймын. Бұл бізге рухани тәжірибемен айналысатын жауапкершілігі мен есебін одан әрі еселей түсті. Ұйғыр қоғамдық ұйымы осы саладағы барлық мемлкеттік саясатты қолдайды.

–Жалпы, конфессияаралық келісімнің сіздердің орталыққа әсері қаншалықты?

– Біздің орталық дәстүрлі емес діни қозғалыстарды қабылдамайды және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондықтан, біздің орталық саясатты қолдаумен және түсіндіру жұмыстарымен шектеледі.

– Түсінікті. Ендеше, сіздің орталық конфессияаралық келісім аясында қандай іс-шаралар атқарды?

–Біздің өкілдер дәстүрлі исламды қолдайтын көптеген іс-шараларға қатысып, ұйғыр газеттерінде осы мәселелерді кеңінен қамтуға қатысады және тырысады. Біз, ұйғыр орталығы, халық арасында рухани жұмысты күшейту қажет екеніне сенімдіміз. Оның ішінде, классикалық, көркем-публицистикалық, мәдени және журналистік әдебиеттердіің тиражын арттыруды құп көреміз. Біз мүмкіндігінше, меншікті қаражат есебінен танымал авторлардың туындыларын жариялауға тырысамыз. Біздің қауымдастықтың мүшелері президенттің бастамасымен болған барлық іс-шараларды қолдайды және белсене атсалысады. Біз Пирезидентіміздің идеясының жұрт ішінде салмақты болуына назар аударамыз. Сонымен қатар, біз мемлекеттік әлеуметтік мәселелерді, мектепке дейінгі білім беру мәселелері мен ана тілінде білім беру мәселесіне көп көңіл бөлгіміз келеді. Біздің қоғамдық ұйым Алматы қаласы әкімдігі және аудандық мәслихаттар ұйымдастыратын барлық іс-шараларға белсене қатысады. Қазақстан Халықтары Ассамблеясы ұйымдастыратын шараларға барлық ұлттық орталықтардың белсене қатысуы тиімді деп санаймыз.

– Демек, Ұйғыр этномідени орталығында бірнеше бөлімдер жұмыс жасайды ғой? Атап-атап айтсаңыз?

– Біздің орталықта мынадай бөлімдер жұмыс істейді: білім кеңесі, мәдени мәселелер жөніндегі кеңесі, сақтау және дамыту мәселелері бойынша кеңес, мәдениет және салт-дәстүрлерді дамыту мәселелері жөніндегі кеңес, әйелдер қауымдастықтары және т. б. Осыған байланысты мектеп пәндері бойынша олимпиадалар, ұйғыр және қазақ поэзиясының конкурсы, түрлі семинарлар мен жыл сайынғы ардагерлер кеші ұйымдастырылып тұрады.

– Мемлекеттік саясатты қолдау аясында сіздің орталық қандай нәтижелі жұмыстар атқарды?

– Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласының аясында қоғам арасында түрлі кездесулер мен талқылаулар өткізілді. Онда әрбір қазақстандықтардың, жалпы қоғамның рухани жаңаруының бірнеше бағыттары атап көрсетілді. Атап айтқанда, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық сәйкестікті сақтау, білім кілті, сананның ашықтығы, Қазақстанның эволюциялық дамуы және т.б. Мұнда біз осы мақаланың негізгі басымдықтарын түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Сондай-ақ, әйелдер қауымдастығы арасында қазіргі қоғамдағы діннің орны туралы семинарлар, жастар арасында конфессиялық келісімді сақтау, қауімсізді пен төзімділік тақырыптары аясында кездесулер ұйымдастырылады.

– Конфессияаралық келісімдегі ынтымақтастық туралы ойыңыз қандай?

– Біздің пікірімізше, конфессияаралық келісімнің деңгейі айтарлықтай жоғары. Сонымен қатар, әлеуметтік, мәдени, экономикалық проблемаларды табысты және уақтылы шешім одан әрі осы салада жағдай нығайта түседі.

– Сұхбатыңызға рахмет!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары