$ 442.05  474.14  4.74

Мемлекеттік қызметке орналасу үшін түрлі жеңілдіктер бар

«Қазақстан – 2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі жəне əл-ауқатының артуы» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметтің жаңа заңнамалық жəне институционалдық базасы құрылуы тиіс мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтады. Осыған байланысты мемлекеттік қызметтің əртүрлі аспектілерінің құрылуы мен қызмет етуін анықтау тек мемлекеттік басқару аясындағы мамандарға ғана емес, сонымен қатар, білімді адамдардың кең ауқымына да қажет болып отыр.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңының қабылдануынан бастап қазақстандық мемлекеттік қызметінің дамуының жаңа кезеңі басталды. Бұл бастамалар туралы біз Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Шынарай Әлімханнан сұрап-білдік.

Республиканың мемлекеттік қызметі алғаш рет жеке сіңірген еңбегі мен жетістіктерін және құзыреттілік тәсіліне, меритократия қағидаларына негізделген мансаптық моделіне көшті. Мемлекеттік қызметтің жаңа элементтері әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің құрамын тұрақтандыру, мансаптық өсуге құлшындырады, материалдық ынталандыру және үздіксіз оқыту жүйесін құру арқылы мемлекетік аппараттың кәсібиін арттыруға бағытталған. Маңсаптық модель мемлекеттік қызметте маңсапты жоспарлауға нақты мүмкіндікті берді, - дейді Шынарай Әлімхан.

Оның айтуынша, бүгінде мемлекеттік қызметке деген сұраныс артқан. Әсіресе жастар жағы мемлекетке еңбек еткісі келетін көрінеді. Осыған сәйкес, осы жылдың 6 айында заңнаманы білуге тестілеуден 2157 азамат өтсе, олардың ішінде шекті мәннен өткендердің саны 46% (985) екен. Жеке қасиеттерді бағалаудан 1394 адам өтті.  Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін 839 азамат тесттен өтті, олардың ішінде шекті мәннен өткендердің саны 39% (323) құраған.

Шынарай Әлімханқызының айтуынша, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарымен 468 (ішкі – 221 (47%), жалпы – 247 (53%)) конкурс өткізілсе, оның ішінде жоғары тұрған лауазымдарға – 283 (60%), төменгі лауазымдарға – 185 (40%) конкуср өткізілген.

Яғни бос орындар конкурсы бойынша түрлі лауазымдар мен қызметтерге ие болып жатқан алматылықтар да бар. Сондай-ақ, «Ауысу» институты мен кадр резервінің күшін жоюы Алматы қаласының мемлекеттік органдарындағы кадрлардың ауысуына оң ықпалын тигізді.

Айта кетейік, есеп бойынша, қазіргі уақытта, Алматы қаласында 80 мемлекеттік орган қызмет етеді, олардың 45-і орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері және 35-і жергілікті атқарушы органдар екен.

Қазіргі уақытта мемелкеттік қызметке орналасу үшін жеңілдіктер де қарастырылған.

– Мәселен, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге тестiлеуден өту мәндері төмендетілген. Мысалы үшін, бірінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (145 сұрақ) кем дегенде 102 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды. Сонымен бірге, өткен жылдары тестілеуде белгіленген мәндерден төмен нәтиже алған кандидаттарға қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап екі айдан кем емес мерзімнен кейін жол берілсе, қазір тестілеу өткізілген күннен бастап бір айдан кем емес мерзімге дейін қысқартылды, - дейді Шынарай Әлімхан.

Соның нәтижесінде, қайта тапсыратын үміткерлер саны артқан. Себебі, мемлекеттік қызметтің пайдасын көріп отырған мамандар енді өзі де мемлекетке пайда келтіргісі келеді. Елбасымыздың бүгінгі мемлекеттік қызмет жөніндегі саясаты жас мамандардың қызығушылығын арттырып отыр.

Ақбота Мұсабекқызы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары