$ 498.51  522.84  4.81

Оңтүстіктің ҚХА өкілдері қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін қолдайды

Бүгін Шымкентте «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен ҚХА өкілдері латын әліпбиіне көшу мәселелерін талқылады.

Кеңеске облыстағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары, облыстық ардагерлер кеңесі, ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, саяси партиялар мен кәсіподақтар және депутаттар қатысты.

Жиынның ашылуында сөз алған Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы негізгі басымдылық латын графикасын көшу екеніне тоқталды.

«Ортақ істің үлкен жауапкершілігін сезіне отырып, біз сіздерді өз ойларыңызды ортаға салып латын қарпіне көшу жолдарын талқылауға шақырдым», - деді М.Қалмұратов

Кеңесте педагогика ғылымдарының докторы, профессор,  МҒА академигі Асма Қалыбекова, облыстық корей этномәдени орталығының төрайымы Роза Пак және өзге азаматтар өз ойларын ортағы салды.

Кеңестің қатысушылары бірауыздан латын қарпіне өту бастамасын қолдайтындықтарын білдірді. Сондай-ақ кеңестің қатысушалары латын қарпіне өту жолында тиімді ұсымдарды дайындауға белсене атсалысатындығын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары