$ 498.51  522.84  4.81

Алматыда латын әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселесі талқыланды

Қазақстан халқы ассамблеясы мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізуді жалпыхалықтық қолдаудың бірыңғай республикалық күнін өткізді.

Бүкіл ел бойынша Достық үйлерінің базасында Ассамблея кеңестерінің және ғылыми-сараптамалық топтардың отырыстары, конференциялар, дөңгелек үстелдер,  ҚХА қоғамдық келісім кеңестері мен аналар кеңестерінің отырыстары, сарапшылармен кездесулер және т.б. форматтарда іс-шаралар  өткізілді.

Осы орайда Алматы қаласы Достық үйінде Алматы қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізуді қолдау аясында дөңгелек үстел өткізді.

Аталмыш шараға түрлі халытар мәдени бірлестіктердің жетекшілері мен ҚХА мүшелері қатысты.

Дөңгелек үстелді ең алдымен Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, Алматы қалалық Өзбек мәдени орталығының жетекшісі Абдулла Исматуллаев ашты.

- Латын графикасындағы мемлекеттік тіл шет елдердегі латын әліпбиін қолданатын миллиондаған азаматтардың тілге деген қызығушылығын қанағаттандырады. Яғни, қазақ тілі үйрену үшін қолжетімдірек, ал ел халықаралық бизнес пен туризмді дамыту тұрғысынан тартымдырақ бола түседі. Шетелде тұратын отандастарымыз үшін ана тілі мен жазуды дамытудың, тарихи отанымен жақындасудың жаңа мүмкіндіктері пайда болады. Ал, біз Қазақстанға инвестициялар мен технологияларды    трансферттеу үшін қосымша көздеріне ие боламыз, - деді Абдулла Жаппарұлы өз сөзінде.

Сондай-ақ, жиынның ашылуында «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қайым-Мұнар Табеев, Алматы қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының меңгерушісі Назар Балғымбаев сөз алып, ойларымен бөлісті.

Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізуді жалпыхалықтық қолдаудың бірыңғай республикалық күнінде талқылауға Алматы қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Қазбек Мамсуров, қалалық ҚХА ғылыми-эксперттік тобының жетекшісі Мұхтарбек Шаймекелов, Орыс мәдени орталығының жетекшісі Всеволод Лукашев, Корей ұлттық орталығы төрағасының орынбасары Георгий Кан, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Дмитрий Петрухин, Ингуш мәдени орталығының төрағасы Сұлтан Оздаев, ұйғыр мәдени орталығының төрағасы Абдуллам Ушуров қатысты.

Кездесудің басты мақсаты - қазақ тілін латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшіру бойынша жобаның мәселелерін талқылау және осы жобаны іске асыруға жәрдемдесу үшін тиісті іс-шараларды жүргізу болып табылады. Іс-шараға қатысушылар қоғамдық сананы рухани жаңғыртудың барлық бағыттары бұрын қабылданған ұзақ мерзімді бағдарламаларды әрі қарай қолдауға және табысты жүзеге асыруға және Қазақстан үшін жақсы болашаққа қол жеткізуге ықпал етуге бағытталған.

Ақбота Мұсабекқызы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары