$ 449.58  486.94  4.86

Алматыда жаңа тұрғынүй кешендері мен бизнес орталықтар бой көтереді

Алматының әсем ғимараттары тағы жаңа тұрғынүйлермен және бизнес орталықтармен толығатын болды. Бұл туралы бүгін Қала құрылысы кеңесінде айтылды. Атап айтқанда, кеңесте көппәтерлі үш тұрғын үй мен PE&IT КБТУ институтының көпфнукционалды кешенін салу жобалары бекітілді.

Үш тұрғын үй кешенін салу 19 млрд. теңге инвестиция тартуға, үш мыңға жуық жұмыс орнын ашуға, 120 орынды екі бала бақша тұрғызуға мүмкіндік береді.

Жобаларды қарау барысында құрылысты салушылардың назары көліктер тұрағының санына, ішкі әрлеу жұмыстарына сапалы материалдарды пайдалануға,түнде үйлердің сыртын жарықтандыруға, кішімобильді топтарға жағдай жасауға, алаңдарды жасылдандыруға аударылды.

Мысалы, Бостандық ауданындағы Радостовец көшесінің батысынан Қожабеков көшесінің солтүстігіне қарай бірыңғай архитектуралық ансамбльді құрайтын 14 қабатты екі нысанның құрылысы басталады. Тұрғын кешенін жобалау барысында абаттандыру, демалыс аймағын жасылдандыру, балалар алаңдарын жасау, кіші пішінді архитектуралы формаларды қою қарастырылған. Жобаны жүзеге асыру мерзімі - 16 ай.

Түрксіб ауданының «Қайрат» ықшам елді мекенінде сауда орталығы бар тұрғын кешені пайда болады. Жобада он бір 9 қабатты тұрғын үй, сауда орталығы, 200 орынды паркинг пен мектеп жасына дейінгі балалар мекемесін салу көзделген. Жобаны жүзеге асыру мерзімі - 36 ай. Кешеннің тұрғын үйлері Рысқұлов көшесіне тіке орналасады, инвестор жоба аясында тұрғындар мен қаланың экстренді қызметтері үшін өте қолайлы Үлкен Алматы каналы арқылы өтетін көпірді тегін салып беруді жоспарлап отыр.

Бұлардан өзге, Алмалы ауданындағы Наурызбай батыр көшесі бойында 3 секциядан тұратын әрқайсысы 12 қабатты тұрғын кешені бой көтереді.Кешенде коммерциялық негіздегі нысандар, жеке жер асты паркингтер болады және аула кеңістігі ұтымды пайдаланылады.

Алматының Қалақұрылысы кеңесінде PE&IT КБТУ интситутының «Алатау» ықшам ауданында бой көтеретін қосалқы нысандары бар көпфункционалды кешенінің ұзақ мерзімді жобасы да қаралды.

«ПИТ» АЭА - тың 30 га жеріне орналасатын кешен шартты түрде екі бөліктен тұрады, олар- оқу-жаттығу полигоны және кешеннің ғылыми- өндірістік аумағы мен оқу-әкімшілік корпустың, мультмедиялық орталықтың, асхананың, студенттік орталықтың, ғылыми- зерттеу лабораториясының және басқаларының басын біріктіретін көпфункционалды нысан. Жобаның құны - 118,9 млрд. теңге. Құрылыстың аяқталу мерзімі - 52 ай.

Қалақұрылыс кеңесінде тұрғын кешенін салу мәселесі қаралғанда бала бақшалар мен мектептерге айрықша назар аударылады. Соңғы 2 жыл ішінде инвесторлар есебінен 7 мың орынды 54 бала бақша салу жөнінде шешім қабылданған. 3 мың орынды 24 бала бақша коммуналдық меншікке беріледі. Осының арқасында бюджеттің 24 млрд. теңге қаржысы үнемделді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары