Нұрлы жол 20.10.2017 сағат 06:55  1233

Алматыда «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясында дөңгелек үстел өтті

Алматы қаласында «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік  жолында: Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 5 институтционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспары тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Іс-шараға мемлекеттік және қоғам ұйымдарының, саяси партиялардың, мекемелер мен бизнес-құрылымдардың, шығармашылық және білім беру ұжымдарының, этномәдени бірлестіктерінің, Қалалық қоғамдық кеңестің жетекшілері мен өкілдері – барлығы жүзге жуық адам қатысты.

Естеріңізде болса, 2015 жылы наурызда Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» – Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі Ұлт жоспарын жариялаған болатын. «100 нақты қадам» – бұл Жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде жаңа тарихи жағдайларда Қазақстанның дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспар.  

Ал, дөңгелек үстел барысында – Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Қазбек Мамсуров, Алматы қаласы бойынша  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары Геннадий Данияров, «Нұр Отан» партиясының Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Меруерт Мұқанова өз істеріне қатысты баяндама жасады.

Алматы қалалық сотының судьясы Ирина Федотова «100 нақты қадам» Ұлт жоспары барысында өз ісі оң нәтижесін бергендігін біршама дәйектермен алға тартты. Оның айтуынша, 19 қадамда Заңның үстемдігін қамтамасыз ету жүйесі төмендегі реформалармен жүзеге асуда.

– Сот төрелігіне азаматтардың қол жеткізуін, барлық сынақтар аудио бейне жазбаларын, сотта айыптау және қорғаныс арасындағы тепе-теңдікті жеңілдету және т.б. реформа аясында қағаз бастылықтан айырып жұмыс жолдарын жылдам әрі тез шешуге ықпал етуде дейді.

Меруерт Муканова, «Нұр Отан» партиясының Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

– «Нұр Отан» партиясы 5 институтционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» ұлт жоспары бойынша біршама жобаларды жүзеге асырды. Ол үшін коммисия құрып, Мемлекеттік бағдарламалардың, әлеуметтік мәселелердің жобаға асып жатқандығын үнемі бақылауға алып отырды. «Нұр Отан» партиясының пракциясы әр тоқсан сайын жоспар бойынша жұмыс жасайды. Дәлірек айтқанда, «Сәтті қадам», «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» сияқты жобалар өз нәтижесін берді дейді.

Айымхан Әмірбекқызы

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар