$ 447.4  477.55  4.76

Қазақстанда дәрі-дәрмек шығаратын тағы бір зауыт пайда болады

Астанада Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитеті мен Hikma Pharmaceuticals PLC (LSE: HIK) (NASDAQ Dubai: HIK) (OTC: HKMPY) иордан трансұлттық компаниясының қазақстандық жобасы – «Хикма СНГ» АҚ арасында инвестициялық басым келісімшартқа қол қойылды. Осы келісім аясында иордандық компания Алматы қаласында дәрі-дәрмек өндіретін ірі кәсіпорын салмақшы.

Hikma Pharmaceuticals – Лондонда орналасқан трансұлттық фармацевтикалық компания, бірегей дәрілік препараттарды және дженериктерді жасап шығарады. Кәсіпорын 1978 жылы Иорданияның Амман қаласында құрылды, және бүгінгі күні Лондон қор биржасында ірі фармацевтикалық компаниялардың бірі болып табылады. Hikma компаниясының 11 елде, оның ішінде АҚШ-та, Еуропада, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерінде 7 зерттеу орталықтары және 29 зауыттары бар. Компанияның фармацевтикалық өнімі GMP стандарттарына сәйкес келеді, ал өнімнің портфеліне шамамен 700 дәрілік препарат енеді.

2015 жылы компания «ИА Алматы фармацевтикалық препараттарды өндіру зауытын салу» инвестициялық жобасымен жұмысын бастап кетті. Компания республика халқының барлық топтарының қолжетімді бағалармен дәрілік заттарға мұқтаждықтарын қанғаттандыру және Қазақстанның медициналық препараттардың импортына тәуелділігін төмендету үшін жоғары сапалы фармацевтикалық өнімді шығаратын болады. Фармацевтикалық препараттардың ассортименті жүрек-тамыр препараттарын, жалпы белгіленуі бар антибиотиктерді, орталық жүйке жүйесінің ауруларын, онкологияны емдеу препараттарын және басқаларды енгізетін болады.

Компания Алматы қаласының «Алматы» Индустриалдық аймағында жер телімін алды және 10 жылға айрықша негізде дәрілерді өндіруге және жеткізуге «СК-Фармация» ЖШС-мен келісім-шартқа қол қойды. Қазіргі уақытта жер жұмыстарының мәселелері пысықталуда және өндіріс жөнге келтірілуде. Жобаны шетел инвесторы толығымен қаржыландыратын болады.

«Бұл жоба ерекше бақылауымызда, өйткені жоба Мемлекет басшысы жария еткен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында Қазақстанға трансұлттық компанияларды тарту және экспорт өнімдерін құру шеңберінде іске асырылып жатыр», - деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Жиенбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары