$ 443.85  474.3  4.8

Латын қарпі – рухани жаңғыру мен жаһанданудың негізі

Мемлекет басшысының қазақ тілін латын әліпбиіне көшуі туралы Жарлыққа қол қоюы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Зиялы қауым өкілдері, өнер адамдары, қоғам белсенділері, қарапайым азаматтар ана тілімізге жасалған осынау реформаға қолдау танытып, өз пікірлерін білдіруде.

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру идеясын Нұрсұлтан Әбішұлы он жылдан бері айтып келеді. Дегенмен, оны іс жүзінде жүзеге асыру тек биыл ғана қолға алынып отыр. Кеше сәуір айында Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарық көргеннен кейін латын әліпбиінің қазақша бірнеше нұсқасы әзірленіп, ол қоғамда кең талқыланған болатын. Ал, кешегі Мемлекет басшысы осы нұсқалардың соңғысына тоқталғанын айтып, қазақ тілі сол графикаға көшетінін мәлімдеді.

Осыған байланысты бүгін Тараз қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы  кітапханада жиын  өтті. Жиынды кітапхана ұжымы ұйымдастырып отыр. Ана тілімізге жасалып жатқан маңызды реформаға үн қосу әрбір қазақтың қасиетті борышы дейді олар. Болашақ жастардың қолында екенін ескерген кітапханашылар аталған басқосуға негізінен жастарды шақырып, тақырыпты сол студенттер арасында талқылады. Жиынға сондай-ақ, өңірге танымал филологтар мен лингвист-мамандар қатысып, латын әліпбиіне көшудегі артықшылықтарды санамалап берді.

 «Елбасымыз бұл үдерістің маңыздылығына назар салып, бұл тұста шапшаңдық танытуды тапсырды. Сондықтан біз барлығымыз өзекті мәселеге баса назар аударуымыз керек. Бұл дегеніміз, жаңа технологиялардың тілін түсіну, әлеммен араласуға еш кедергі болмасы анық», - дейді кітапханашы Қамар Әлішева.

Латын графикасын меңгеруде қазақстандықтардың біртұтастығы арта түспек. Жиында қатысушылар назарына облыстық музейден латын қарпінде жазылған кітаптар ұсынылды. Сондай-ақ, жоғары билік өкілдеріне ұсынылған алғашқы  жоба да таныстырылды. Онда 42 әріп  25 таңбалы әліпбиге алмастырылып, 8 диграф қосылған. Жаңа жобаға қатысты әр алуан пікірлер айтылуда. Мұнда да қызу талқыланды. Дегенмен, жиылғандар әліпбидегі өзгеріс жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттырады деген ортақ ойға келді.

 «Менің ойымша, жаңа өзгеріс Қазақстан үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. 30 дамыған елдер қатарына ену үстіндегі еліміз үшін нық қадам. Сондықтан бұл іске өзекті қарау керек», - дейді тараздық студент Айя Құлиева.

Елбасы мақаласы, биылғы Жолдау, Үштілділік саясаты – мұның барлығы да жылдың ауқымды бағдарламалары болса, жиын да осы мәселелер де назардан тыс қалмады. Демек, бұл дегеніміз қоғамның рухани жаңғыруы басталып та кетті.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары