$ 444.32  473.33  4.76

«Ақтөбе-Атырау» автожолының құрылысы жыл соңына дейін басталады

«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда. Аталған бағдарлама аясында биыл жыл соңына дейін «Ақтөбе-Атырау» автожолының құрылысы басталмақ. Ал, автожолды қайта жаңғырту бойынша құрылыс жұмыстарын бастауға Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев пәрмен берді.

Салтанатты жиынға шетелдік жол құрылысы компанияларының өкілдері, атап айтқанда, «Todini Costruzioni Generali SpA» (Италия), SPIK Accord (Әзірбайжан), Ташиапи Иншаат (Түркия), Ant Inshaat (Түркия), «Dongsung» компаниясының халықаралық инженерлері (Корея),  қадағалау қызметін атқаратын «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ң және басқа да жоғарыда аталған мердігер ұйым өкілдері қатысты.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында жалпы ұзақтығы 629 шақырым болатын «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» учаскесі салынған болатын.

Қазіргі уақытта ұзақтығы 500 шақырым болатын Ақтөбе-Атырау учаскесін қайта жаңғырту жұмыстары қалып отыр.  Бұл учаске Ақтөбеден Атырау мен Маңғыстауға дейінгі бағытты байланыстыратын «Нұрлы жол» бағдарламасына енгізілген. Осы бағыт арқылы Ресей Федерациясының Астрахань және Орталық Азия мен Парсы шығанағына шығуға мүмкіндік бар. Автомобиль жолын қайта жаңғыртудың нәтижесінде жолға кететеін уақыт айтарлықтай қысқарады. Сонымен қатар, бұл жерде шамамен 2 мыңға жуық адам жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі және олардың 90% -ы жергілікті тұрғындар болады.

Айта кетейік, «Ақтөбе-Атырау» учаскелерін қайта жаңғырту жұмыстарына Азия Даму Банкі мен Ислам даму банкі сияқты халықаралық қаржы институттарының несиелері тартылатын болады. 455 шақырым Ақтөбе-Атырау автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары былайша атқарылады:

-  ұзақтығы 156 км болатын «Ақтөбе-Қандыағаш» учаскесінде конкурстық рәсімдер жүргізілуде және Ислам даму банкімен 215,0 млн. АҚШ доллары көлеміндегі займ келісіміне қол қойылды;

-  Қандыағаш-Мақат учаскесінде Азиялық даму банкімен 240,3 млн. доллар займ туралы келісімге қол қойылды және ратификацияланды. Мердігерлер жалпы ұзақтығы 299 км болатын 7 құрылыс алаңына келісімшарт жасасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары