Нұрлы жол 09.11.2017 сағат 10:20  503

Алматы облысында газдандыру ісі қарқын алды

Соңғы бірнеше жыл бұрын Алматы облысында басталған газдандандыру жұмысы биыл жаңа қарқын алды. Бұған дейін Талдықорған қаласының кейбір шағынаудандары көгілдір отынға қосылып, қаланың инфрақұрылым жүйесі дами түссе, бүгінде өңірдің өзге елдімекендері өркениеттің осынау түріне қол жеткізіп отыр.

Алматы облыстық Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Әсет Қанатовтың мәліметінше, қазіргі уақытта облысты газдандыру деңгейі 22,8%-ды құрайды, атап айтқанда, 108 елді мекенде газдандыру жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылдың аяғына дейін көрсеткіш жоғарлайды деп күтілуде.

Талдықорған қаласындағы қалаішілік газбен қамтамасыз ету жобасының жалпы құны 22,5 млрд.теңгені құрайды. Газбен жабдықтау желілерінің ұзындығы 1,2 мың шақырым.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы 1,3 млрд.теңге жеке инвестициялар есебінен Көксу ауданындағы Балпық би кентіне газ тарату желілерінің құрылысы іске асырылуда. Ауылішілік газ құбырының ұзындығы 119 км құрайды.

Текелі қаласын және Ескелді ауданының елдімекендерін газбен жабдықтау үшін 10,4 млрд.теңгеге  инвестор тартылды.

Панфилов және Еңбекшіқазақ аудандарын газдандыру жоспарына сәйкес газбен жабдықтау 2017-2020 жылдарға есептелген, осы кезеңде 5 елді мекенді газбен жабдықтау көзделеді. Қазіргі уақытта екі ауданды газдандыруға инвестициялар тартылуда.

Ұйғыр ауданында 6,5 млрд.теңге жеке инвестициялар есебінен «Шарын» АГТС және 55,5 км жеткізуші газ құбыры салынды. Онда 35 км кварталішілік газ тарату желілерінің құрылысы аяқталды.

«Алматы облысының елдімекендерін газдандыруға 2016 жылдан бастап жергілікті және республикалық бюджеттен 12,8 млрд. теңге бөлініп, 36,2 млрд. теңге инвестиция тартылды, яғни инвестициялар бюджеттік қаражаттан 3 есе көп», - дейді басқарма басшысы Ә.Қанағатов.

Айта кетейік, өңірді газдандыру жұмыстары «Нұрды жол» мемлекеттік бағдарламасы асында жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, аталған бағдарламаның шарапатын биыл Қызылорда облысының тұрғындары да көріп отыр. Маңғыстау облысынан тартылған газ құбыры ызылорда қаласы мен облыстың елдімекендеріне көгілдір отын жеткізді. Нәтижесінде, облыс орталығының өзінде алғаш рет жергілікті тұрғындардың үйіне ыстық су кіргізілді.

Сонымен қатар, «Бейнеу-Бозой» газ құбырын жүргізу жұмыстары да елімізде қарқын алған. Аталған газ желісі еліміздің оңтүстік өңірлеріне көгілдір отын жеткізуді мақсат етеді.

Соңғы жаңалықтар