$ 443.85  474.3  4.8

«Рухани жаңғыру: Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен жеңістері»

Алматыда Философия, саясаттану және дінтану институтының базасында «Рухани жаңғыру: Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен жеңістері» тақырыбында Алматы қаласы Демократиялық күштері коалициясының отырысы өтті.

Еліміздегі жетекші саяси партиялардың өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ғалымдар, сарапшылар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері Коалицияның биылғы қызметін қорытындылап, тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктер талқыланды.

– Тәуелсіздік алған сәттен бастап, біз өз елімізді құру үшін бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік алдық. 26 жыл бойы қазақстандықтар күшті, дамыған, қазіргі заманғы мемлекет құруға ұмтылды. Бүгін коалиция отырысында біздің қоғамның қатысуымен тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерімізді талқылап, келешекке арналған жоспарларымызбен бөлісеміз, – деді кездесуді ашқан «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қайым-Мұнар Табеев.

– Алматы қаласының тәуелсіздікке жетудегі үлкен стратегиялық және қоғамдық-саяси маңызы бар. Қала Кеңес республикаларының тарап, ТМД-ны құру процесінің куәгері болды, Алматы декларациясына қол қойылды. Мұнда еліміз бүкіл әлемге Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы жариялады және мемлекеттік рәміздерді қабылдады, – деді өз сөзінде коалиция мүшесі «Ақжол» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Д.Васильев.

Өз кезегінде саясатттану ғылымының докторы, философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Ахан Бижанов еліміздің демократия, азаматтық қоғам институттары саласындағы жетістіктеріне назар аударды. Әлеуметтік модернизациялау жүзеге асырылып, әрбір азаматтың әл-ауқатын жақсарту мүмкіндігі бар.

– Тәуелсіздік күні қарсаңында, жетістіктер туралы айта отырып, біз әлемдік дағдарыс және қазіргі таңдағы проблемалық мәселелерді де назардан тыс елемей қалдыра алмаймыз. Сондықтан бұл орайда саяси партиялар мен азаматтық қоғамның ерекше рөлін атап өткім келеді. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап олардың елімізде демократиялық үдерістерді дамытуға қосқан үлесі зор, – деді А.Бижанов.

Жалпы алғанда, кездесу конструктивті түрде өтті және іс-шара соңында демократиялық күштер коалициясының мүшелері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында қаланың басты көшелерінің бірін «Назарбаев даңғылы» деп аталуы туралы шешімді бірауыздан қолдады және барлық қазақстандықтарды келе жатқан мерекелермен құттықтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары