$ 498.51  522.84  4.81

Министр Ж.Қасымбек 2020 жылға дейін республикалық жолдардың 90 пайызы тақтайдай тегіс болатынын айтты

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу бойынша үлкен міндетті алып отыр. Бұдан бөлек, ауыл жолдарының біраз бөлігін жақсарту жоспарланған деп жазады ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, биыл «Нұрлы жолдың» 23 жобасы аясында барлық аймақтарда республикалық маңызы бар 4 200 шақырым жолдар жаңадан төселеді, я болмаса, күрделі жөндеуден өтетін болады.

«Біз ондай жұмыстың көлемін алғаш рет алып отырмыз. Осының нәтижесінде 2020 жылда республикалық маңызы бар жолдардың 90 проценті «жақсы» және «қанағаттанарлық» жағдайда болады. Ал I және II теxникалық санаттарға жататын жолдардың үлесі 50 процентке дейін артатын болады», - деді Ж.Қасымбек бүгін отандық көлік-логистика кешенін дамыту мәселелеріне арналған республикалық кеңесте.

Бұдан бөлек, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды салу мәселесіне баса назар аударылады. Қазіргі кезде министрлік әкімдіктермен бірлесе отырып, атқарылатын шаралардың жоспарын пысықтап жатыр.

«Жергілікті жолдарды орташа жөндеу жұмыстарына негізгі басымдық беріледі. Аталған шаралар кезінде ресайклинг (ондайда жолдың үстіңгі бетін қырып алады да, арасына битум және тағы басқа заттарды қосып, қайтадан төсейді - авт.) және дәстүрлі теxнологиялар қолданылады. Осыған орай, жергілікті жердегі жолдарды жөндеу жұмыстарын қаржыландыру көлемін жылына 150 млрд теңгеге дейін жеткізу көзделіп отыр. Соның арқасында шамамен 5 000 шақырым жолды жөндеп отыруға мүмкіндік бар. Ал 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың 85 процентін жақсартуға болады», - деп атап көрсетті Ж.Қасымбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары