Кейбірі жұпқа бақыт тілесе, енді бірі олардың әрекетін сынады.
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман күйеуімен бірге түскен видеоны әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Желіде тараған кадрлардан Қытайдан келген Айманды Тұрсынбек Қабатовтың әуежайдан күтіп алғанын көруге болады. Жұбайлар кездескен сәтте құшақтасып, бірге видеоға түскен.
Алайда бұл жазба желі қолданушыларының арасында түрлі пікір туғызды. Кейбірі жұпқа бақыт тілесе, енді бірі олардың әрекетін сынады.
«Бақытты болсын», «5 баланы жылатып», «Сезімдерінің шынайы екеніне сене алмаймын», «Не тапты екен?», «Мөлдірді құшақтап жүретін адам ғой», «Әдейі қыздарының жынына тиіп жүр ғой қайта-қайта салып», «Ұятсыздар», – деп жазды көпшілік.