Өнер иесі туған жерінде жерлестеріне арнап ашық аспан астында тегін концерт өткізді.
Әнші Сәкен Майғазиев көптен бергі арманы орындалғанын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі туған жерінде жерлестеріне арнап ашық аспан астында тегін концерт өткізді. Әнші бұл кешті көптен бері армандағанын айтып, ұйымдастыруға атсалысқан жандарға алғысын білдірді.
«Туған еліме, жерлестеріме ашық аспан астында тегін концерт ұсынуды армандап жүр ем, сол күнге де жеттік, АЛЛАға шүкір. Пейілі далалай дархан жерлестеріме, мені қолдап келген достарым, сахналастарыма және қауіпсіздікпен қамтамасыз етіп, алаң мен сахна дайындап, қолдау білдірген Созақ ауданының әкімі Мұхит Сексенбайұлы мырзаға мың алғыс білдіремін. Бәріңізді құшақтадым!», – деді ол.