$ 443.85  474.3  4.8

Қазығұртта жаңа көпір пайдалануға берілді

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Тұрбат ауыл округіне қарасты Тұрбат ауылы мен Қызылдихан елді мекендерін қосатын көпір құрылысы бітіп, пайдалануға берілді.

Өткелдің салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Т.Телғараев, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ әкімі, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты. 

Үш мыңнан астам халқы бар елдімекендерде бұрын-соңды көпір болмаған. Жергілікті халық өткелді қолдан істеп, алайда ол көпір тез арада жарамсыз күйге түсіп отырған еді. 

Айта кетейік, Тастақсай өзені арқылы өтетін өткелді салуға қаржы облыстық бюджеттен қаралыпты. Ұзындығы 66 метр, ені 8 метр болатын көпірде түрлі көліктердің жайлы өтуіне жағдай жасалған.

Сондай-ақ, тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында ауданда алты жаңа мектеп те пайдалануға беріліп отыр.

Атап айтқанда, ауданның Қақпақ ауылынан 300 орындық бір мектеп, Көкібел, Қызылдихан, Жұмысшы және Еңбекші ауылдарынан 200 орындық бес мектеп пен Тесіктөбе елді мекенінен 150 балаға шақталған бір білім ошағы оқушылар үшін есігін айқара ашты. Төрт апатты, екі ыңғайластырылған білім ордаларының жойылуын мақсат еткен бұл құрылыстарға Ұлттық қор мен облыстық бюджеттен 2,5 млрд. теңге қаржы жұмсалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары