$ 448.15  483.46  4.86

ОҚО-да «Студенттік құрылыс жасақтарының» мүшелері маусымды қорытындылады

Оңтүстік Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік университетінде «Студенттік құрылыс жасақтары» маусымының жабылу салтанатты іс-шарасы өтті. Жиын ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылып отыр.

Еске салсақ, жаз маусымында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы Шымкент қаласындағы бірқатар мердігер компания басшылары арасындағы болған келіссөздер нәтижесінде студенттердің жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында студенттерді «Студенттік құрылыс жасақтарына» еңбекке тарту жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, аталған оқу орнының құрылыс мамандығында білім алған 360 студент, ал аудан, қалалардан 140 студент құрылыс компанияларында «Студенттік құрылыс жасақтары» аясында құрылыс жұмыстарында еңбек етті. Құрылыс жұмыстарының бітуіне ат салысқан студенттердің орташа жалақысы 50-60 мың теңгені құрады.

Атап айтар болсақ, «Студенттік құрылыс жасақтары» Шымкент қаласында «Қазақстан» кинотеатрының және «Нұрсәт», «Қайтпас», «Тұран» шағын аудандарындағы көп қабатты үйлердің құрылыс жұмыстарына өз үлестерін қосқан.

Шара кезінде Оңтүстік Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Б.Жанәбіл облыстағы құрылыс жұмыстарына қатысқан студенттерге алғыс білдіріп, арнайы дипломмен марапаттады. Алдағы уақытта студенттердің жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында бұл бастама тұрақты түрде жүргізілетінін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары