$ 444.32  473.33  4.76

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Арыс қаласының жолдары да жаңарады

Оңтүсік Қазқстан обысы әкімінің орынбасары Дархан Сатыбалды жұмыс сапарымен Арыс қаласында болып, ондағы құрылысы жүріп жатқан бірқатар нысандардың жұмысымен танысты. Ең алдымен ол облыстық маңызы бар КХ-8 «Өзбекстан Республикасының шекарасы-Шардара-Арыс-Темірлан-М-32» автомобиль жолының 218-690 және 209-480 шақырымындағы көпірдің құрылыс жұмыстарын аралап көрді.

Онда облыс әкімінің орынбасары аталған құрылысты жүргізіп отырған мердігер мекемеге көпір құрылысының сапалы, әрі тиісті мерзімінде аяқталуын, ал сала басшыларына орын алған кемшіліктер мен атқарылған жұмыстар бойынша тұрақты баяндап отыруды тапсырды.

Сонымен қатар, сапары кезінде қаладағы тозығы жеткен көшелерге салынып жатқан асфальт жолдардың жұмыс барысымен танысып, тиісті сала мамандарына құрылыс жұмыстарын өз деңгейінде жүргізілуін нықтап айтты.

Айта кетейік, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Арыс қаласында жолдар жөнделіп қана қоймай, қаланы абаттандыру жұмыстары да жүргізіледі. Сондай-ақ, шаһарда дендросаябақ ашу да жоспарлануда.

Ал, айтулы мерейтой қарсаңында тек Арыста ғана емес, облыстың барлық аудан-қалаларында жолдар жөнделіп, ел игілігіне беріліп жатыр. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды күні кеше Отырар ауданында болып, туристер көп қатынайтын жолдың жөндеу жұмыстарымен танысып қайтқан болатын.

Ол кезде облыс әкімінің бірінші орынбасары жол құрылысы жұмыстарына қаржы мерзімінде аударылса да, берілуге тиісті нысандардың уақытынан кешігіп жатқанын айтты. Ең бастысы, сапаға көңіл бөлу керектігін жеткізген ол жұмыстар тиісті деңгейде атқарылмаса нысандардың пайдалануға қабылданбайтынын ескертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары