$ 444.22  476.38  4.82

ҚХА өкілдері үштұғырлы тіл саясатын талқылады

Оңтүстік Қазақстан облыстық ассамблея хатшылығының бастамасымен облыстық этномәдени бірлестік өкілдері мен білім саласының жауапты қызметкерлері «Қоғамдық келісім» КММ-нің мәжіліс залындағы дөңгелек үстел басында кездесті.

Жиынға қатысушыларға еліміздің білім беру жүйесіндегі үштұғырлы тіл саясатының іске асырылу кезеңдері түсіндіріліп, ұсыныс-пікірлер алмасылды.

Кездесу барысында үштұғырлы тілді білім беру саласына енгізу барысындағы мемлекеттік деңгейдегі тапсырмалар және оның қоғамның бірігуі мен қазақстандық біртектіліктің қалыптасуындағы рөлі туралы облыстық білім басқармасының бөлім басшысы А.Кенжебаев пен А.С.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәні мұғалімі Д.Манкеева айтып берді.

Сонымен қатар, жиында сөз алған орыс, славян және казак ұйымдары бірлестіктерінің облыстық филиал төрағасы Ю.Кирюхин тіл саясатындағы міндеттерді тиімді іске асыру аясында білім беру саласы мен этномәдени бірлестіктер арасында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысындағы 100-ден астам этномәдени орталық ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бірқатар игі шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Мерекелік концерттерді айтпағанда ҚХА өкілдері қоғамның әлеуметтік жағдайы төмен бөлігіне қол ұшын созып, қайырымдық іс-шаралар өткізбекші. Сондай-ақ, соғыс, еңбек ардагерлері ұлықталып, ұлттық калориттегі мәдени шаралар ұйымдастырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары