$ 447.4  477.55  4.76

Тәуелсіздіктің 25 жылдығында ауылдардың ажары арта түсті

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының орталығы Шаянда алты аллея салу жоспарланған болатын. Бүгінге дейін ауданда «Құрметті азаматтар» және «Жастар» аллеяларының құрылысы аяқталып, наурыз айында пайдалануға берілді. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қазіргі таңда Бәйдібекте «Мәңгілік ел» аллеясының құрылыс жұмыстары басталды. Шаян ауылының кіре берісіндегі жол бойында орналасатын аллея республикалық бюджеттен қаржыландырылып, жалпы алаңы 0,75 га аумақты алып жатыр. Айта кету керек, бұрын бұл жердың орны бос жатқан алаң болатын.

Болашақта үлкен демалыс орнына айналуы тиіс аллеяға биіктігі 25 метр болатын еліміздің туы орнатылмақ. Арнайы қоршалып, жан-жағы абаттандырылатын орын заманауи жарықтандыру құралдарымен жабдықталып, оған субұрқақтар орнатылады. Нысан осы жылдың қараша айында пайдалануға берілмек.

Мұнан бөлек, аудан жетекшілігі, алдағы күндері тағы үш аллеяның қазығын қағуды жоспарлап отыр. «Қобыз», «Үш би» және «Мұхтар Әуезов» деп аталатын саяжолдардың құрылысы таяуда басталады деп күтілуде.

Айта кетейік, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оңтүстңк Қазақстан облысында көптеген игі шаралар жүзеге асып жатыр. Мәселен, жуырда ғана Шымкентте теңдесі жоқ жаңа «Жерұйық» саябағы пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін Арыста дендрарий саябағының құрылысы аяқталады деп жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары