$ 443.37  474.49  4.83

ОҚО-да ашықтықты айқындайтын «e.ontustik.kz» порталы жұмыс істейді

Оңтүстік Қазақстан облысында бюджет қаржысы жұмсалмай-ақ e.ontustik.kz  порталы құрылып, жұмыс істеуде. Аталған портал тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жүзеге асқан жобалардың бірі.

Бұл сондай-ақ, облыс әкімдігінің жас таланттарды қолдауға бағытталған іс-шаралары аясында жүзеге асырылған жоба дейді аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі аппараты ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі  бөлімінің басшысы Е.Өтебаев.

Оның айтуынша, аталған жоба халықтың билікке сенімін арттыра отырып, ашықтықты, айқындықты қамтамасыз етеді. Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға мүмкіндік береді. 

Брифингке қатысқан облыс әкімі аппараты персоналды басқару қызметінің басшысы Ж.Наушабай бұл жобаның тиімділігін айтып, барлық үміткерлер мектеп директорларын тағайындау бойынша жарияланған конкурсқа құжат тапсыруды автоматтандырылған түрде жүзеге асыра алатынын жеткізді. Ол үшін үміткер азамат, аудандық, қалалық білім бөлімдеріне бармай-ақ, адам факторы араласуынсыз ХҚКО-на  барып немесе үйде отырып–ақ, электронды түрде құжат тапсыра алады.

Алдағы уақытта денсаулық саласы және білім беру саласы қызметкерлерін аттестациядан өткізу автоматтандырылып, осы жүйеде іске қосылады.  

Сонымен қатар, алдағы уақытта 1313 номерімен шұғыл желі іске қосылып, мемлекеттік қызмет көрсетуге, әлеуметтік сала жұмысына байланысты  арыз- шағымдарды қабылдау бойынша сенім телефоны жұмысын бастайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары