$ 445.66  474.58  4.78

ОҚО-ның Ордабасы ауданында 71 мың жаңа жұмыс орны ашылған

Биыл ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Оңтүстік Қазақстанда бірқатар ілкімді істер атқарылуда. Солардың бірі – тұрғындардың әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталған. Мәселен, Ордабасы ауданында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. Нәтижесінде, жыл басынан бері бағдарламаға қатысуға 1590 азамат өтініш білдірген. 

Осылардың ішінде 70 азамат бағдарламаның 1 бағыты – «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен уақытша жұмыспен қамтылғандар.

Бағдарламаның ІІ бағыты – «Кәсіпкерлік бастамашылықты ынталандыру» аясында жыл басынан бері кәсіпкерлік негіздеріне – 30 азамат оқытылып, осы бағыт шеңберінде 87 адамға 240,6 млн. теңге шағын несие берілді. Нәтижесінде 71 жаңа жұмыс орны құрылды.

Ал, бағдарламаның ІІІ бағыты шеңберінде бос және жаңа жұмыс орындарына 1206 азаматты тұрақты жұмыспен қамту жоспарланса, бүгінгі таңға жолданғаны 912 азамат, яғни жоспар 75,6 пайызға орындалды. 

Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс орындарын ашу бойынша 156 адам 28 мекемеге жолданды. Ал, 127 жас маман Жастар практикасына тартылды.

Айта кетейік, биыл Оңтүстік Қазақстан облысынан «Серпін» бағдарламасы аясында ондаған отбасы солтүстік облыстарға қоныс аударды. Олар барған өңірлерінде баспанамен және тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Бұл да ОҚО-дағы жұмыссыздық деңгейін біршама төмендетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары