$ 439.4  473.54  4.76

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына – 25 модельді кітапхана

Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданындағы Бөржар ауылдық кітапханасы заман талабына сай жаңаша жабдықталып, «Модельді ауылдық кітапханаға» айналып отыр. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабалады.

Модельді кітапхана – оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетуді жоғары сатыға көтеретін жаңа кітапхананың стандарты. Оның басты міндеттері – компьютерлік технологияларда енгізудің арқасында электронды ақпараттар қорын қалыптастыру, кітапханалық қорларды дамыту, материалдық – технологиялық базаны нығайту.

Бұл өз кезегінде  қазына ордаларының материалдық-техникалық базасы жақсарып, кітап қоры артып, ғаламтор ресурстарына қол жеткізілетін болады. «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына – 25 модельді кітапхана» жол картасы бойынша үш бірдей – Бөржар, Бадам, Бөген ауылдық кітапханалары модельді кітапхана болып ашылды. Бөржар модельді ауылдық кітапханасының лента қию салтанатына қатысқан облыстық «Отырар» ғылыми- әмбебап кітапханасының кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Ғ.С.Хакимова арнайы сертификат табыс етсе, Бөржар ауыл округі әкімінің орынбасары Б.Сиқымбай, ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы С.Абулдаева кітапсүйер қауымға ізгі тілектерін білдірді. «Кітапхана – білім ордасы» мерекелік іс-шарасына қатысқан бірқатар қонақтар түрлі кітаптар сыйлап, кітапхана қорын толықтырды.

Айта кетейік, дәл осы тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысында «25 жылға – 25 мектеп» деген атаумен жаңа акция өткізілген болатын. Яғни, аты айтып тұрғандай, өңірде жаңа 25 оқу ордасы пайдалануға берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары