$ 480.55  533.75  5.36

Бөрлі ауданында құрылыс қарқынды

Биыл Батыс Қазақстан облысындағы Бөрлі ауданында бірнеше тұрғын үй мен әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Өңір басшысы Алтай Көлгінов күні кеше ауданда өзі болып, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап қайтты.

Бөрлі ауданы – бұл аумағындағы алып Қарашы­ғанақтай мұнай-газ конденсат кен орнын шетелдік инвесторлар қарқынды игеріп жат­қан стратегиялық мән-маңызы зор аймақ. Сол себепті, мұндай аймақта жол қатынасы мейлінше мінсіз болуы шарт. Сондықтан да өңір басшысы ең алдымен Бөрлі – Ақсай бағытындағы авто жол жөн­деу жұмыстарының барысымен танысты. Осы шаруаны мойнына алған «Елжас» ЖШС-ның директоры Аманкелді Ырыс­қалиевтің мәліметіне қарағанда, бүгіндері жолдың жиегі жөнделуде. Үшбу жұмыс біте келе, нұсқау-белгілер орнатылуы тиіс. «Ел­жас» ЖШС-ның ұжымы жол жөндеу мер­зімінен ерте тәмамдайтын түрі бар. Әрі жұ­мыс сапасына екі жылға кепілдік беріп отыр. 

– Қарашығанақтың қазынасын игеріп жатқан шетелдік компаниялар бірлестігі – «ҚПО б.в.» компаниясы басшылығымен биылғы келіссөз барысында жол құры­лы­сына жыл сайын бөлінетін қаржыға қоса, ағымдағы жылы қосымша қаражат бөлінді. Өйткені жол қатынасының жақсарғаны шетелдік инвесторларға да өте тиімді, – деді Алтай Сейдірұлы БАҚ өкілдерімен әңгіме барысында. 

Бүгінгі күні Ақсай қаласының төңіре­гіндегі Аралтал ауылында жаңа 100 үй са­лынуда. Бұл су жаңа баспаналарға Қара­шығанақ кен орнының санитар­лық-қорға-
ныс аймағының ұлғаюына байланысты Бе­резов және Бестау ауылының тұрғындары қоныс аудармақ. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін «Марасант» ЖШС үш бөлмелі 50 үй, «Строительная инициатива» ЖШС төрт бөлмелі 50 үй салуға, ал «KazConctruc­tionGroup» ЖШС инженерлік желілерді тар­туға міндеттенген болатын. Батыс Қа­зақ­стан облысының әкімі Алтай Көлгінов қабырғасы қаланып, төбесі жабылғалы жатқан үйге кіріп, жұмыс сапасын, құрылыс барысын мамандардан егжей-тегжейлі сұ­рап, іле-шала инженерлік желілер сыз­ба­сына зер салды. Екі мердігер мекеме де үй­лерді түгелге жуық тұрғызып үлгерген екен. Енді қалған бір-екі үйдің қабырғалары сәт санап биіктей түсуде. «Марасант» ЖШС құрылысқа 170 адамды тартса, ал «Строи­тель­­ная инициатива» ЖШС бас дирек­торы­ның орынбасары Жандос Ермағамбетов бүгінгі күні 170-тей кісі жұмыс істеп жат­қа­ны­мен, таяуда жұмысшы санын 200-ге дейін көбейтпек екендіктерін тілге тиек етті.

Үйлердің ішіне электр желісі жүргізіліп, су құбырын тартылып, сылақ жұмыстары атқарылуда. Қазіргі кезге дейін межелі жұ­мыстың 70 пайызы орындалды, – деді ол өңір басшысымен әңгіме барысында. Об­лыс әкімі мердігер мекемелердің басшы­ларына алдағы желтоқсанға дейін барша жұмысты сапалы орындап, мойындарына алған шаруаларын дер кезінде тәмамдауды нықтап тапсырды. Бұдан соң облыс бас­шысы Бөрлі ауданының орталығы Ақсай қаласында «Марасант» ЖШС салып жатқан 149 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйге ат ба­сын бұрды. Үшбу үйдің құрылысына 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған көрінеді. Бөрлі ауданы әкімдігінің мәліметіне қара­ғанда, баспана кезегіне тұрғандар 72 пәтерді «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкі арқылы осы еңселі баспанадан пәтер иелене алады. Бұдан артылған пәтерлер банк салым­шы­ларының еншісіне тимек. «Уральск­Строй­Инвест» ЖШС 75 пәтерлі бес қабатты тұр­ғын үйдің құрылысын қыркүйек айында бас­­таған болатын. Жалпы аумағы 5083 шар­­шы метрді құрайтын бұл үй үшін «Өңір­лерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясын­-да республикалық және жергілікті бюд­жет­тен 614 741,0 млн теңге қарастырылған. Бұл үй жоба бойынша келер жылғы шілдеде бітуі тиіс. Бұған қоса «УральскСтройИнвест» ЖШС келер жылдың қаңтарында тапсы­рылуы тиіс 320 орындық балабақша құ­ры­лысын жүргізуде. Серіктестік директоры Алексей Безьяновтың айтуынша, жұмысқа 87 адам жұмылдырылған. Бұл балабақша үшін «ҚПО б.в.» компаниясы 650 миллион теңге бөлген екен. 

– Инфрақұрылым тармақтары, яғни инженерлік желілер толық тартылды. Электр және жылыту жүйесі қолданысқа дайын. Құрылыс жұмыстары біте келе, тө­ңіректі көріктендіру жұмысына кірісеміз. Нысанды жобаға сәйкес мерзімінде тап­сы­руға уәде береміз. Құрылысшыларға ең­бекақы уақтылы берілуде, – деді Алексей Безьянов. Өз міндетіне алған шаруаны тап-тұйнақтай қылып атқарып жатқан мекеме­нің басшы-қосшысына облыс әкімі риза­шылығын білдірді. 

Осы сапары барысында облыс әкімі Алтай Көлгінов Ақсайда өткен жылдан бас­тап жаңа жылыту қазандықтары орнатылып жатқан құрылыс нысанында болды. Атал­мыш жоба желтоқсанда мәреге жетуі шарт. Әрбіреуінің қуаты 10 МВт болатын төрт жы­лыту қазандығының игілігін 4 және 5-ық­шамаудандардың тұрғындары көретін болады. Бұған дейін қолданыста болған жылыту жүйесі ажыратылып, енді тек тө­тенше жағдайда ғана қосылатын болады. «КаzConctructionGroup» ЖШС-ның ди­рек­торы Мұратбек Мұхамбедиев қазандықтар орнатылғанын, енді қажетті бөлшектерді құрастыру аяқталып қалғанын алға тартты. «ҚПО б.в.» компаниясы қаржыландырып отырған бұл жобаның құны – 854 млн теңге. Құрылыс нысанында жылыту қазандық­тарымен қатар су құбырлары, кәріз жүйесі, екі электр желісі болады. Келешекте бұл нысанда 80-ге тарта адам жұмыс істейтін көрінеді.

Ақсай қаласында «Фирма АТК» ЖШС дене шынықтыру-сауықтыру кешенін са­луда. Бұл мекеменің директоры Жәнібек Нұғыманов бұған дейін жұмысты кешеуіл­деткені үшін облыс басшысынан ескерту алған еді. Сөйте тұра жұмыс қарқыны әлі де ширамағаны аңғарылады. Жобаға сәйкес құрамында 1200 орындық стадионы, әр­түрлі секцияға арналған ауқымды спорттық залы, тіпті шағын автопаркі салынуы тиіс кешен аумағында бар болғаны 52 адам ғана еңбек етеді екен.

– Бөрлі ауданындағы бірнеше құры­лыс нысанында болдым. Бөрлі – Ақсай ба­ғы­тында жолды жөндеу мерзімінен бұрын аяқталмақ. Аралтал ауылында Березов және Бестау ауылының тұрғындарына арналған 100 баспана құрылысы жылдың аяғына дейін жоспарланған. Бірақ 306 тұрғын жаз­баша өтініш жазып, ауылдарда балалары­ның оқу жылы аяқталғанын күтетінін айт­ты. Себебі, Аралталда салынып жатқан жаңа мектеп келесі жылы пайдалануға бе­рілмек. Ал дене шынықтыру-сауықтыру кешеніндегі жұмыс барысы сылбыр. Құ­рылыс жобасын бірге жүзеге асыратын се­ріктес компания сенімді ақтамады. Алайда мердігерге жұмыс қолын көбейтіп, биылғы жылдың соңына дейін жобаны тиянақтауды тапсырдым. Ақсайдың көшелеріне де жөн­деу жүргізілуде. Әрине, құрылыс жұмыс­тарының уақтылы және сапалы атқарылуы біздің ұдайы назарымызда. Елбасының тап­сырмасына сәйкес, ел-жұрттың тұрмыс-тіршілігін жақсарту, өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында салынып жатқан жаңа нысандардың бәрі де Тәуелсіздіктің 25 жыл­дығына тамаша тарту болары сөз­-сіз, – деді облыс әкімі Алтай Көлгінов Бөрлі ауданына жұмыс сапарын қоры­тындылай келе. Өңір басшысы айтқандай, жоба жос­парға сәйкес дер кезінде әрі сапалы са­лын­ған әрбір нысан ел-жұрттың бола­шаққа қоса, ресми билікке деген сенімін де ны­ғай­та түсері шүбәсіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары