$ 480.55  533.75  5.36

Шымкенттің жас суретшілері туындыларын Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнады

Шымкентте жас суретшілердің көрмесі өтті. Қылқалам өнеріне жаңадан қадам басқан жас дарындардың туындылары Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.

Бейнелеу өнері музейінде өткен шара өңірімізде жас суретшілердің шығармашылығын қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Тәуелсіздік, Отан, туған жер тақырыптарындағы шығармалар көрермен назарына ұсынылды. Ал туындылар тың тақырыптарды қамтыды. Тамашалаушыларға ой салып, эстетикалық сезім сыйлады. Сондай-ақ, көрме арқылы жас суретшілер тәжірибе алмасып, шығармашылықтарын шыңдауға мүмкіндік алды. Іріктелген еңбектер Астанада өтетін «Шабыт» халықаралық байқауына қатысады. Облыстық жас суретшілер шығармашылық бірлестігінің төрағасы Берік Бейісбековтің айтуынша, «Шабыт» байқауына қатысушыларға облыстық мәдениет басқармасы демеушілік жасайды.

 Айта кетейік, биыл Оңтүстік Қазақстан облысында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бірқатар қоғамдық және әлеуметтік шаралар ұйымдастырылуда. Мәселен, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 игі іс-шара аясында облыс тұрғындары мен шетелдіктер Өгемдегі «Тәуелсіздік» шыңын бағындырды.

ОҚО әкімдігінің ұйытқы болуымен қолға алынған 3 күндік шараға 27 альпинист қатысып, 4100 метрлік шыңды бағындырды. Бұл жолғы фестивальдің ерекшелігі сол, шараға шетелдік қонақтар да қатысып, фестиваль халықаралық сипатқа ие болды.

Сондай-ақ, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 игі іс-шара акциясы аясында ОҚО-ның Отырар ауданында жергілікті тұрғындардың қатысуымен марафон болып өткен болатын. «Дені сау ұлт – Тәуелсіздік тірегі» атты бұқаралық жүгіруге 100-ден астам аудан тұрғыны қатысып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлестерін қосқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары