$ 446.49  475.38  4.79

ОҚО-ның Шаян ауылына көгілдір отын жетті

Бәйдiбек ауданының ауылдарына табиғи газ құбыры былтыр тартыла бастаған. Ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы қарсаңында аудан орталығы Шаян ауылына газ келiп отыр. Бұл жайында «Тәуелсiздiктiң жиырма бесiншi алтын күзi» атты аудандық ауқымды iс-шарада ресми түрде хабарланды. Естiген ел қуанышын жасыра алмады.

Мерекелiк iс-шарада сөз алған аудан әкiмi Б.Көшербай бәйдiбектiктердi Тәуелсiздiктiң 25 жылдығымен құттықтай отырып, жағымды жаңалықты жеткiздi. Аудан орталығын газдандыруда жоғары ұйымдастырушылық қызметiмен көзге түскен жобалаушы «Бақыт АБК» ЖШС-нiң директоры Ж.Сауырбаев пен құрылыс жұмыстарын жүргiзген «Отау строй» ЖШС-нiң директоры А.Әлiмбек аудан әкiмiнiң Алғыс хатымен марапатталды.

Шаян – Оңтүстiк Қазақстан облысының шалғайдағы ауылдарының бiрi. Тұрғындардың негiзгi күнкөрiсi мал бағу, егiн салу болып келген аймақта әлi күнге дейiн тезек терiп, отын арқалап жүрген ағайын аз емес. Дегенмен, егемендiк алған жылдардан берi қарай Қазақстанның экономикасы қарыштап дамып, елдiң еңсесi тiктелiп, әлеуметтiк мәселелерi шешiле бастады. Соның шарапатын ендi бәйдiбектiктер де көруде. «Елде болса ерiнге тиедi» демекшi, аудан орталығына газ келдi дегенше, алыс ауылдарға да жететiн күн алыс емес» дейдi шаяндық ақсақалдар. Әзiрге Шаяндағы екi мыңға жуық үй табиғи газға қосылып, мәре-сәре.

Орталықтағы барлық үйге газ құбыры тартылып, бұл күндерi қосу, тексеру жұмыстары жүруде. «Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ» магистральды газ құбырынан келген «көгiлдiр отынның» шарапатын көрген шаяндықтарға қызыққандар аз емес.

«Өңiрлердi дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асып отырған бұл жоба бойынша алдағы уақытта аудандағы 15 ауыл газбен қамтылады. Барлық ауылдардың жобалау-сметалық құжаттары дайындалған. Игi iс кезең-кезеңiмен жүзеге асырылады» дейдi аудан әкiмi Батырбек Көшербай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары