$ 487.24  529.34  5.02

Астанада кептеліс мәселесін шешу үшін жаңа 3 көпір салынатын болды

Астанада жаңа үш көпірдің құрылысына 20 млрд теңге бөлінетін болды. Бұл туралы қалалық Автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асхат Қарағойшин мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, аталған нысандар Есілдің сол жағалауындағы көлік кептелісі мәселесін шешу үшін салынбақ.

"Қысқа уақыт ішінде Тәуелсіздік даңғылының құрылысы басталады. Ол бастауын №46-шы көшеден алып, Хусейн бен Талал көшесіне дейін созылады. Біз аталған нысанның құрылысын келер жылдан бастап кетпекшіміз. Бұл көшеде бір көпір болады. Хусейн бен Талал көшесін №39 көшеден Абылай хан даңғылына дейін созу маңызды құрылыстардың бірі болып табылады. Бұл аралықтың қашықтығы 10 шақырымды құрайды және онда 2 көпір болады", - дейді А.Қарағойшин.

Оның айтуынша, үш көпірдің құрылысына 20 млрд теңге жұмсалмақ.

"Жобалар бүгінгі таңда дайындалып жатыр. Олардың құнын шамалап айта аламын. Үш көпірдің құрылысы шамамен 20 млрд теңге болады", - деді ол.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Астана әкімдігі қаладағы кептеліс проблемасын шешу үшін жаңа жолдар саламыз деп уәде берген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары