$ 474.72  515.17  5.58

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Еуразиялық аймақта Қазақстанның экспорттық-транзиттік әлеуетін дамытады

Кеше «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА нысандарына БАҚ өкілдерінің баспасөз сапары ұйымдастырылды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қытай шекарасында Еуразиялық құрлықтағы маңызды екі ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Олар «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-н құру мен кешенді дамыту» және «Қорғас» Халықаралық шекаралық серіктестік орталығын құру» жобалары.

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-н құру мен кешенді дамыту» жаңа экономикалық саясатты орындау мақсатындағы жобаларды жүзеге асыру Қазақстан экономикасының инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз етеді.

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА географиялық жайлы орналасуы Қытайдан Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне, ТМД аумағына, Еуропаға,Түркияға, Парсы шығанағы елдеріне апарады. Мульдимодальдық логистика, ірі өндірістік кәсіпорындарды дамыту мен сауданы оңтайлы ұйымдастыру бұл өңірдің әлемдік деңгейдегі дистрибуциялық орталық болатындығына әйгілейді.

Жетіген-Қорғас, Жезқазған-Бейнеу темір жолдары, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік дәлізі, Ақтау порты, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ның технологиялық тізбегі Қазақстанның әлемдік көлік және сауда жүйесіне ықпалдасуына мүмкіндік әпереді.

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ның маңызды бөлігі Құрғақ порт саналады. Бұл Қазақстандағы ең үлкен жердегі порты және Орта Азиядағы ең ірі логистикалық парк.

«Khorgos-Gateway» ЖШС Бас директоры Карл Гейссеннің айтуынша, «бүгінгі таңда 2016 жылғы (қаңтар- қазан) көрсеткіш бойынша 73234 ЖФЭ контейнерге жүк тиеу көлемі орындалды. Контейнер айналымы 2016 жылы (қаңтар-қазан) 59106 ЖФЭ құрады.

Қытай темір жолының ресми статистикалық мәліметі болжамына қарағанда, ҚХР- ЕО бағдарына жылына 5000 дана контейнерлік пойыз жіберіледі. 2020 жылдарға қарай бұл көрсеткішті 500 мың ЖФЭ-ке жеткізу жоспары бар.

Биылғы жылы осы бағдарға 95 000 ЖФЭ контейнеріне жеткізу жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 1100 ЖФЭ құраған болатын.

Темір жол арқылы жалпы транзиттік тасымалда Ляньюньганнан – Санкт Петербургке 10-13 күнде жүк жеткізу мүмкін болса, Ляньюньганнан – Стамбулға 20-23 күнде жеткізіледі. Шығыс Қытайдан Еуропаға теміржолмен транзиттік жүк Еуропаға 14-15 күнде жетеді.

Құрғақ порттың көп бөлігі темір жол жүк терминалы мен логистикалық аймаққа арналған. Бұл өңірде көтерме сауда, өткізу, сақтау қоймалары орналасқандығын атап өтті. Олар ұлттық, аймақтық, халықаралық сұраныстарды қамтамасыз етеді. Индустриялық аймақта бірқатар өндіріс орындары, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, тері – былғары шикізаты, машинақұрастыру мен құрылғыларын жасау нысандары да орналасатын болады.

Қазіргі таңда Құрғақ порттың индустриялық және логистикалық өңірінің құрылысы аяқталуға жақын.

Қытай шекарасында тағы бір ірі жоба – «Қорғас» халықаралық шекаралық серіктестігі орталығы (ХШСО) құрылысы коммерциялық келісімдердің және шекаралық сауда операцияларының алаңына айналады, бизнес серіктестікті белсенді жүргізуге ықпал етеді.

«Қорғас» ХШСО президенті Қ. Жазин халықаралық шекаралық сауданы дамыту, мәдени және ғылыми тәжірибе алмасу, ойын-сауық инфрақұрылымы туралы әңгімеледі. Осыған байланысты орталық құрылысының Бас жоспарына және Тұжырымдамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.

Қ. Жазиннің айтуынша, ХШСО орталығының нормативтік- құқықтық басзасы жетілдірілуде. Оның ішінде Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қорғас» ХШСО АЭА құру туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.

Сонымен қатар, ХШСО аумағын кіріп-шығуды реттеудің әдістемелігі жасалып, багаж жүктерін қабылдау қызметін жақсарту, орталыққа келушілерді бірыңғай төлем жүйесімен қамту көзделуде.

Қ. Жазиннің айтуынша, ХШСО толыққанды жүзеге асыру 2018 жылға жоспарланып отыр.

Баспасөз сапарына қатысушылар Алтынкөл станциясында, Нұркент селосында болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары