$ 443.85  474.3  4.8

«ҚазАгро» Ұлттық холдингі жылыжай құрылысына 46,5 миллиард тенге қаржы бөледі

Степногорскідегі «Тепличные технологии Казахстана» ЖШС жылыжай кешені – отандық өндірістің бірі болып саналады, оның өкілдері Халықаралық «Қазақстанның  жеміс-көкөніс бизнесі 2016» конференциясына қатысуды жоспарлайды.  Форумның үстіміздегі жылғы 21 қазанда Алматы қаласында өтетінін еске саламыз.

Алаңы  3,5 га және жобалық қуаттылығы 1800 тонна кешен  «ҚазАгро» ұлттық холдингінің құрылымындағы «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландыруымен 2010 жылдың соңында пайдалануға берілді.   Бүгінгі күні  қызанақ өсіруге арналған алаң есебінен жобаны 6 га дейін кеңейту және жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісін 3 мың га дейінұлғайту жүзеге асырылады. Бұдан басқа, жылыжай салат өндірісі бойынша жаңа желіні іске қосады.

Степногорскідегі жылыжай – «ҚазАгро» ұлттық холдингінің желісі бойынша қаржыландырылған және пайдалануға берілген осындай 33 өндірістің бірі. Жалпы, қазіргі уақытта Холдингпен жабық топырақта 41 жоба қаржыландыруға мақұлданды, құны 46,5 млрд. теңге және жиынтық өндіріс қуаттылығы жылына 63 мың жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісі. Олардың жалпы алаңы 147 га құрайды.

Холдинг отандық фермерлер мен агроқұрылымдарға жеміс-көкөніс бизнесін дамыту үшін қолдаудың қаржы құралдарының кеңейтілген жиынтығын ұсынады.

Жеміс-көкөніс өнімдерінің өндіріс көлемін арттыру мақсатында, Холдингпен жылыжай шаруашылықтарынан басқа келесі бағыттардағы жобаларды қаржыландыру жүзеге асырылады, олар:

- суару жүйелерін қолдану арқылы өнім өндіру  (құны 19 млрд. теңгенің 66 жобасы мақұлданды, жиынтық қуаты жылына 239 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісі.  Соның ішінде 63 жоба іске қосылған),     

- бау-бақшалар құру және дамыту (құны 6 млрд. теңгенің 14 жобасы мақұлданды, жиынтық қуаты жылына 31 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісі. Барлық 14 жоба пайдалануға берілді).

- көкөніс қоймасының құрылысы және жаңарту (16,7 млрд. теңгенің 44 жобасы мақұлданды, бір жолғы сақтаудың жиынтық сыйымдылығы 185 мың тонна, оның 41 жобасы пайдалануға берілді).

Қаржыландырылған объектілер жобалық қуатқа шығу кезінде жылына 530 мың тоннадан астам жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісін қамтамасыз етуі жоспарланады.

Биылғы жылы «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі 10-жылдық мерейтойын атап өтеді.

Холдингпен іс жүзінде бақша егуден, суару жүйелерінен,  шағын мал шаруашылығы фермаларын құрудан бастап жылыжай және бордақылау кешендеріне, құс фабрикаларына, көкөніс қоймасы, ет комбинаттары мен ауылшаруашылық техникасын өндіретін зауыттарға дейінгі барлық салалық бағыттар қаржыландырылады.   Инвестициялық бағыттар «ҚазАгро» холдингінің қызметіндегі басым бағыттардың бірі болып табылады.  Қазіргі уақытта «ҚазАгро» ұлттық холдингі компаниялары тобының инвестициялық қоржынында 531 жоба бар, олардың жалпы құны  319,7 млрд. теңге.   476 инвестиционных проектов на 270,5 млрд. теңгенің 476 инвестициялық жобасы пайдалануға берілді, шамамен 14,8 мың жұмыс орны құрылды. Олардың ішінде ағымдағы жылы жалпы құны 10,4 млрд.теңгенің 25 инвестициялық жобасы пайдалануға берілді, 785 жұмыс орны құрылды.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ  оның құрамына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Холдингтің құрамына: «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ кіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары