$ 443.85  474.3  4.8

Алматыда «Қазақстанның жеміс-көкөніс бизнесі-2016» халықаралық форумы өтті

Қазақстандағы жеміс-көкөніс бизнесі. Оның жағдайы, мүмкіндігі мен даму перспективасы, сондай-ақ, саладағы әлемдік тренд «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің қолдауымен Алматыда 21 қазанда өткізілген Халықаралық конференцияның басты тақырыбы болды.

Форум республиканың жеміс-көкөніс саласындағы басты қатысушылары - жеміс-көкөніс өнімдерін өндірушілер мен өңдеушілерді, көтерме және бөлшек сауда өкілдерін, импорттаушылар мен экспорттаушыларды, жабдықтарды, тұқымды және өсімдікті қорғау құралдарын  жеткізушілерді; қаржы және инвестициялық институттардың өкілдерін жинады. «Қазақстанның жеміс-көкөніс бизнесі-2016» Халықаралық конференциясының бағдарламасы жеміс-көкөніс нарығына шетелдік  қатысушылардың арасында да үлкен қызығушылық туғызды. Жалпы іс-шараға әлемнің 11 елінен шамамен 200 адам қатысты. Олардың қатарында – бақша өсіру және көкөніс шаруашылығындағы өсіру,  өңдеу және сақтау секторындағы «модаға заң шығарушылар» бар.

Республикада, қазіргі уақытта жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісімен, ішкі нарықты молықтырумен және экспортпен байланысты бірқатар мәселелер ашық болып отырғаны белгілі. Көкөніс пен жеміске баға құру, әсіресе маусым аралық кезеңдердегі  проблемалар аса өзекті болып табылады. Форумда қалыптасқан ортақ пікір бойынша нарықтың кәсіби қатысушыларының, мемлекеттік органдарды және даму институттарын қоса алғандағы қатысушылар арасындағы ақпаратпен және тәжірибемен тікелей алмасу осы мәселелерді шешу бойынша қабылданатын шараларға көмегін тигізеді.

Конференцияны ұйымдастырушылармен өте тығыз, және сонымен бірге толыққанды күн тәртібінің бағдарламасы жасалғанын айта кету қажет. Сөз сөйлеушілердің қатарында – Италиядан FAO инвестициялық орталықтың экономисті Андрей Ярмак, ол «Орталық Азияның көкөніс және жеміс нарығы аймақтағы кездесетін сауда кедергілерінің контексінде» атты баяндама жасады. Жеміс-көкөніс бизнесіндегі тәжірибесімен «Arba Wine» компаниясының басшысы Зейнолла Кәкімжанов бөлісті. Ол өз баяндамасының тақырыбын былай атады: «Қазақстандық ауылшаруашылық өндірушілеріне не шығару керек және артықшылыққа қалай қол жеткізуге болады?». Жеміс өсірудегі қазіргі заманғы технологиялық тәсілдер туралы германияның «Lodder Unterlagen GmbH» (Лоддер Унтерлаген) компаниясының өкілі Йоганн Зуккау айтып берді. Саланы дамыту жөніндегі ұсыныстар бойынша ойларын қазақстанның кәсіби қоғамдық ұйымдарының басшылары айтты.   

Өз кезегінде, жеміс-көкөніс шаруашылығындағы жобаларды қолдаудың қаржы құралдары туралы «ҚазАгро» холдингінің Басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов айтып берді.  Отандық фермерлерді қолдау және маусым аралық кезеңдегі қажеттілікті өтеу мақсатында, «ҚазАгро» ұлттық холдингімен келесі инвестициялық бағыттар қаржыландырылды:

- жылыжай құрылысы бойынша (46,5 млрд. теңгенің 41 жобасы мақұлданды, жиынтық өндіріс қуаттылығы жылына 63 мың тонна жеміс-көкөніс өнімі, алаңы 147 га., оның ішінде 33 жоба іске қосылды). Олардың ішіндегі аса танымалы -  «Green Land Alatau» ЖШС (Алматы облысы), «Аделя» ШҚ (ОҚО), «Тепличные Технологии Казахстана» ЖШС (Ақмола облысы).

- суару жүйелерін қолдану арқылы өнім өндіру бойынша (құны 19 млрд. теңгенің 66 жобасы мақұлданды, жиынтық өндіріс қуаттылығы жылына 239 мың тонна жеміс-көкөніс өнімі. Соның ішінде, 63 жоба іске қосылды). "Арғын" ШҚ (Қарағанды облысы), Айдарбаев ШҚ (Алматы облысы.) атап өтуге болады.

- бау-бақшалар салу және дамыту бойынша (құны 6 млрд. теңгенің 14 жобасы мақұлданды, жиынтық өндіріс қуаттылығы жылына 31мың тонна жеміс-көкөніс өнімі. Барлық 14 жоба пайдалануға берілді). Олардың ішіндегі аса танымалы - «Аманкелдi» ЖШС (ОҚО),  "Alma Green Fields" ЖШС (Алматы облысы).

«ҚазАгро» холдингінің басшысының айтуы бойынша, Холдингпен қаржыландырылған жобалар жобалық қуаттылығына шыққан кезде жылына 530 мың тоннадан астам жеміс-көкөніс өнімінің өндірісін қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа, Нұрлыбек Малелов өзінің баяндамасында айтып өткендей, өндірілген өнімді сақтау инфрақұрылымын  дамыту шеңберінде, Холдинг көкөніс сақтау қоймасының құрылысы мен жаңарту жөніндегі жобаны қаржыландырады. Бұл бағыт бойынша құны 16,7 млрд.теңгенің 44 жобасы мақұлданды, біржолғы сақтаудың жиынтық сыйымдылығы  185 мың тонна, оның ішінде 41 жоба пайдалануға берілген. Оның қатарында - «Kazakh Cool» ЖШС (Алматы облысы), «Фирма Актогай-АГРО» ЖШС (Павлодар облысы).

Бүгінгі таңда «ҚазАгро» холдингімен консервіленген көкөніс пен жеміс өндірісінің көлемін ұлғайту мақсатында, ауылшаруашылық өнімін қайта өңдеу, соның ішінде жеміс-көкөніс бойынша жобаларды лизинг механизмі арқылы қаржыландыру бағдарламасы әзірленді.  Қазіргі уақытта осы бағытта 650 млн.теңге сомасына 3 жоба пайдалануға берілді, жалпы өндіріс қуаттылығы жылына 260 мың литр шырын және жылына 50 мың тонна өнім шығарады. Әңгіме, «Алтын Алма» ЖШС, ОҚО – шырын, «Иссыкский плодоконсервный завод» ЖШС, Алматы облысы – томатты қайта өңдеу, «Агро Қордай» ЖШС, Жамбыл облысы – кептірілген жемістер мен көкөніс өндірісі жобалары туралы болды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, республикадағы ерте көкөніс өндірісінің көлемі 2015 жылы  147,7 мың тоннаны құрады, ол ұлттық тұтыну нормасына сәйкес, елдің   ішкі қажеттілігінің тек 83%-ын ғана құрайды. Бұл маусым аралығы кезеңінде көкөніс өнімінің көлемін ұлғайтуға, импортқа тәуелділікке әкеледі. Қазіргі уақытта, республика тұрғындарының жабық топырақтағы көкөніске қажеттілігі шамамен 175 мың тоннаны құрайды.

Жылыжай көкөнісінің өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында, мемлекетпен субсидиялау және несиелеу арқылы қолдау көрсетіледі. Кейінгі 3 жылы жылыжай көкөнісінің өндірісінің оң динамикасы байқалады: 2013 жылмен салыстырғанда өсім  57,5 мың тоннаны құрады немесе ол 1,6 есе көп (2013 жылы - 90,2 мың тонна).

Статистика органының мәліметі бойынша 2015 жылы қазақстанның көкөніс өнімінің экспорты 51,7 мың тоннаны құрады, сомасы 7,6 млн. АҚШ доллары, бұл 2013 жылмен салыстырғанда  3,8 мың тоннаға немесе 1,1 есеге көп (2013 жылы 47,9 мың тонна), жеміс-жидек өнімдері – 8,5 мың тонна, 1,5 млн. АҚШ доллары сомасына, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 4,5 мың тоннаға көп немесе 2,1 есеге артық (2013 жылы 4,0 мың тонна).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары