$ 443.35  475.54  4.82

Жолаушылар тасымалы бойынша Қазақстан ТМД-ға мүше елдердің ішінде екінші орынға ие – ҚР ИДМ

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы кезінде Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстанда азаматтық авиацияны дамыту бойынша жоспарлар туралы баяндады.

«Азаматтық авиация саласында соңғы бес жыл ішінде негізгі көрсеткіштердің тұрақты өсімі байқалуда. Жолаушылар тасымалы бойынша Қазақстан ТМД-ға мүше елдердің арасында екінші орынды иеленеді. 2015 жылы Астана мен Алматы әуежайлары қызмет көрсеткен жолаушылар саны бойынша ТМД-ға мүше елдердің ірі халықаралық әуежайларының ондығына енді. Бүгінгі таңда Қазақстандағы қызмет көрсететін 20 әуежайдың ішінен 14-інің ұшу-қону жолағы және 10 жолаушылар терминалы реконструкцияланды. Жыл соңына дейін Петропавл әуежайының терминалын реконструкциялау жоспарлануда», - деп хабарлады министр.

Ол Астана әуежайының инфрақұрылымын жаңғырту және Алматы маңынан хаб құру бойынша тапсырманы жүзеге асыру, сондай-ақ халықаралық бағыттарды және қазақстандық әуе компанияларын дамыту есебінен 2020 жылға қарай транзиттің жолаушылар ағымын үш есеге арттыру қамтамасыз етілетінін жеткізді.

«Әуе тасымалының халықаралық нарығын кезең-кезеңімен игеру мақсатында 2017 жылы Астана қаласының әуежайында «ашық аспан» енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосу жоспарлануда. Осыған байланысты Прага, Хельсинки, Вена, Варшава, Будапешт және басқа да қалаларға 8 жаңа бағыт ашылады деп күтілуде. EXPO-2017 көрмесі аяқталған соң пилоттық жоба нәтижелеріне орай тұрақты екіжақты негізде Астанаға халықаралық ұшулар үшін шектеулерді алып тастау туралы мәселені қарастыру жоспарлануда», - деді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары