$ 443.85  474.3  4.8

Созақта 80 орындық балабақша ел игілігіне берілді

Созақ ауданының Сызған ауылы округіне қарасты, Қайнар елді мекенінде 80 орындық жеке меншік балабақша ашылды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында пайдалануға беріліп отырған «Ерасыл» балабақшасының ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі М. Исаев: - Биылғы жылы аудан бойынша 6 балабақша аштық, міне, 7 балабақша ел игілігіне беріліп отыр, жыл соңына дейін тағы бірнеше балабақша ашамыз. Мұның бәрі Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізіп отырғандығымызды айта кету керек, - деп барша Қайнар елді мекенінің тұрғындарын құттықтады.

Аудандық мәслихаттың депутаты Г. Момбекова жерлестерін жаңа балабақшаның ашылуымен құттықтап, жеке кәсіпкер Б. Алғазиевке алғысын айтты. Сондай-ақ, ауыл қариясы Ж. Жотабаев бата беріп, балабақша іші балалар күлкісіне толсын деген жүрекжарды лебізін білдірді.

«Балапан» бағдарламасы аясында ашылып отырған «Ерасыл» балабақшасында қазіргі таңда 6 адам жұмыспен қамтылды.

-Мектепке дейінгі білім беру ісінде мол тәжірибесі бар әдіскер және тәрбиеші, күтуші, медбике, аспазшы секілді қызметкерлер өз қызметтеріне кірісті. Жауапкершілігі мол, белсенділі, елді мекен тұрғындарын жұмыспен қамтуға тырыстым, - дейді жеке кәсіпкер Б. Алғазиев.

Алдағы уақыттары 3 топ ашылып 22 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. 315 шаршы метр ғимарат ішінде, балдардың демалыс бөлмесі, оқу және ойын бөлмелері, сондай-ақ, медбике кабинетімен асханасы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары