$ 447.4  477.55  4.76

Сарыағашта Тәуелсіздік жылдары өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 140 есеге өскен

Бұл туралы бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Әбдуәлиев ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

Сарыағаш ауданында жалпы халық саны егемендік алған жылы 201 мың 187 адам болса, 2016 жылы 323785 адамға жетіп отыр. Ал ауданның экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – ауыл шаруашылық саласындағы өндірілген өнімнің көлемі 1991 жылы 521,5 млн. теңге болса, 25 жылда 125 есеге өсіп, 60 200 млн. теңгені құрап отыр.

«Тамшылатып суару әдісі арқылы суарудың жалпы көлемі 5035,0 гектарға жетті. Сарыағаш ауданында ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 1991 жылы ауданда 30 елді мекен ауыз сумен қамтылған болса, 2016 жылы 69 елді мекенге ауыз су кіргізіліп, 44,8 пайызға өскен. Ал табиғи газбен егемендік алған жылы аудандағы 10 нысанға ғана газ құбырлары жүргізілген болса, бүгінгі күні 154 елді мекеннің ішінде табиғи газбен 66 елді мекен қамтылып, 42,9 пайызды құрап отыр», - деді Қ.Әбдуәлиев.

Тәуелсіздік жылдарындағы аудан жетістіктері бойынша өзге де салаға тоқталған аудан әкімі, қазіргі таңда аудандағы емдік сауықтыру орындары шипажайларына келушілердің саны жыл санап артып, туризм саласы 7,3 есеге артып отырғанында қоса айтты.

Білім беру саласына тоқтала кетер болсақ, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, бүгінгі күнге дейін аудан көлемінде 54 мектептің құрылысы жүргізілген. Бүгінде ауданда 28 мемлекеттік және 162 жекеменшік балабақша өз деңгейінде жұмыс жасап, 2016 жылға аудан бойынша балаларды балабақшамен қамту 83,4 % құрап отыр.

Сондай-ақ, кәсіпкерлік, құрылыс, мәдениет, әлеуметтік және денсаулық секілді өзге де салаларда жеткен жетістіктері бойынша баяндаған аудан әкімі алдағы уақытта да жұмыстардың өз деңгейінде алға жалғасатындығын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары