$ 443.85  474.3  4.8

ОҚО-ның өнерлі жастары жеңіс тұғырында

Оңтүстік Қазақстан облысының студент жастары Ақмола облысында өткен республикалық ХІІ Ұлттық жастар Дельфий ойындарында төрт алтын бір күміс медальға ие болды.

ҚР Тəуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауға облыстан 21 жас қатысып 8 номинация бойынша додаға түсті.

Білімді де өнерлі жастарымыз дəстүрлі əн салу номинациясы бойынша облыстық саз колледжінің студенттері Ақжол Өсербай, қыл-қобыз номинациясынан Рахымжан Нұрлыхан, домбыра номинациясы бойынша Дастан Ибрагим, ал халық биі бойынша «Қаракөз» би ансамблі (М.Əуезов атындағы ОҚМУ) алтын медальге ие болса, актерлік шеберліктен, яғни, театр бағытында Х.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-ң студенттері күміс медальді қанжығаларына байлады.

Ұлттық Дельфийлік комитет Қазақ­стан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен өткізген ойындарға еліміздің 14 өңірі мен 2 қала­сынан 556 өкіл қатыст­ы. Олар екі жас дәрежесінде 17 аталым бойынша бәсекеге түсті. Ал степногорлықтар алаңға жеке команда шығару құрметіне ие болды.

Шығармашылық байқаулары Степ­ногордың 17 мәдени алаңдарында өткі­зілді. Таңдаулылар 17 дельфийлік және 2 парадельфийлік аталым бойынша сынға түсті. Ән айтуды ым-қимылмен шебер орын­даған қызылордалық Сағи Мұхамбет жеңімпаз атанды. Ал хореография жанрында Петропавл қаласынан келген «Sensitive» ансамблі үздік шықты. Ақмолалықтар бұл жолы 12 медальды қоржы­нына салса, бұның төртеуі степногорлықтардың еншісінде. Атап айтсақ, Шыңғыз Русин алтын, Хамидолла Шерхан мен Әбілхайыр Байманбетов күміс, Махаббат Әбділманова қола медальды жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары