Нұрлы жол 07.11.2016 сағат 11:13

Ордабасыда әжелер байқауы өтті

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ардагерлер кеңесі мен әжелер алқасының ұйымдастыруымен «Әже - ұлт ұйытқысы» байқауы өтті.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұған дейін ауданның бірнеше аймағында әжелер арасында сайыс өтіп, аталған ақтық сынға өз аймақтарынан үздік шыққан жеті әже қатысты. Байқауға қатысушылар ережеге сай, бес кезең бойынша өнерлерін көрсетіп, түрлі сындардан өтті.  Мәселен, олар ұмыт бола бастаған дәстүрлерді сахналап, қазылардың сұрақтарына жауап берді. Шеберліктері мен өнері де сараланды.

Көп жыл білім беру саласында еңбек еткен қажымұқандық Р.Әлсейітова, ұрпақ тәрбиесі бойынша үйретері мол шұбарсулық Т.Бөлекбаева, бесік жырын айтып, ұл-қыз өсірген бөгендік Ш.Қалымбетова, ауыл анасы атанып отырған бөржарлық Н.Үсенова өмірден түйгенін ортаға салды.

Ал домбыраны өмірлік серік еткен қарақұмдық А.Нысан «Еліміздің өркендеп өсуіне, көп біздің қосар әлі үлесіміз», - деп жырласа, 70 жасты желкелеген бадамдық әже Ж.Әбдірахманова «Жас кезден айтқан әнімді, 100 жаста да қоймамын», - деп әуелетті. Сонымен қатар, Шұбар ауыл округі әжелер алқасының төрайымы Р.Ертай «Ау-жар» салтының мәні мен мағынасын айтып, ерте замандағы қалың малдың құрбаны болған қыздардың мұңын әнмен жеткізді. 

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Әбдіқайымұлы іс-шараны ұйымдастырушы, аудандық әжелер алқасының төрайымы А.Көкішеваға алғысын жеткізді. 

Қатысушылардың барлығына ерекше алғысын білдірген Айгүл Сейітқызы қазақ халқындағы ақсақалдар мен әжелердің тәрбиесінің ұлтты қалыптастырудағы рөліне тоқталды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар