Нұрлы жол 06.10.2016 сағат 05:17

Шымкент әкімі мұғалімдерді марапаттады

Ұрпақ тағдырына атүсті қарамайтын ұлағатты ұстаздардың ерен еңбегі елімізде лайықты бағаланады. Соның бір дәлелі ретінде «Мұғалімдер күні» мерекесіне орай, Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында өз саласында елеулі еңбек етіп келе жатқан ұлағатты ұстаздарды марапаттады. «Rіхоs Kһadisһа» қонақүйіндегі салтанатты жиынға облыстық білім басқармасының, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, ардагер ұстаздар, қаладағы 129 жалпы орта білім беру, 88 мектепке дейінгі және 8 қосымша білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жиынға қатысушыларға алдымен, LED-экран арқылы арнайы дайындалған фильм және облыстық драма театры ұжымының орындауында көрініс ұсынылды. Мерекелік шарада саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған 6 мұғалім Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хатымен» және арнайы сыйлығымен марапатталды.

– Шәкірттерге білім беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын және алдағы жарқын өміріне бағыт-бағдар көрсететін ол, ең алдымен – мұғалім. Сол себептен де, ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан ұстаздардың атқарар рөлі ерекше. Бүгінгі қоғамда, ұстаздар күні – орны бөлек, дәрежесі биік, ең ұлық та ұлағатты мереке. Ұлт болашағын қалыптастыруда уақытпен санаспай атқарған қажырлы еңбектеріңіз үшін ұстаздар, сіздерге алғыс білдіремін, – деді Ғабидолла Рахматоллаұлы.

Сондай-ақ, салтанатты жиында шәкірттеріне тәрбие тағылымын дарыта білген ұстаздар қауымына облыстық білім басқармасының, Шымкент қалалық мәслихатының және «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының «Алғыс хаттары» табыс етілді. Айта кетейік, қазіргі таңда, Шымкент қаласындағы барлық педагогтар саны – 16 мыңнан асады.

Арнайы тағайындалған марапат пен сый-сияпатты қабыл алған ұстаздар өз өнерін ұсынған шәкірттерімен қосыла ән шырқады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар