$ 444.22  476.38  4.82

«Ынтымақ» – ұлттар жарастығының ұстыны

Өткен сенбіде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының және облыстық «Ынтымақ» этнос­аралық мәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде «Тәуелсіз елім – Қазақстаным!» мерекелік іс-шарасы өтті. Айтулы жиын ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған.

Жиынға ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.Қалмұратов, облыстық мәслихаттың депутаты Ә.Досболов, Ассамблея мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

– Қиындықты жеңетін бір ғана күш бар, ол – бірлік. Достық пен ынтымақ бар жерде, береке мен ырыс болары айдан анық. 25 жыл ішінде еліміз үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, әлемде өзіндік орны бар мемлекетке айналуы осы ынтымағымыздың жемісі. Ұлт пен ұлыстың татулығы арқасында, бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері дамып келе жатыр. Оған Қазақстанды мекен еткен түрлі ұлт өкілдерінің қосқан үлесі орасан, – деді облыстық мәслихаттың депутаты, «Ел бірлігі» депу­таттық тобының жетекшісі Ә.Досболов сөйлеген сөзінде.

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары негізі қаланған «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігі өңірдегі молдован, лезгин, осетин, гагауз, қарашай, болгар, чех, латыш, эстон, удмурт, марий, сыған, чуваш сынды этнос өкілдерін өз қанатының астына алып, олардың салт-дәстүрін сақтау, мәдени құндылықтарын жаңғыртуға үлес қосуда.+

Мерекелік шарада аталмыш мәдени бірлестіктің мүшелері дайындаған қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдар көрмесі көпшілік көңілінен шықты. Бірлестік жанындағы жастар қанаты өнерпаздарының сәнді киім үлгілерін келушілер жоғары бағалады. Сондай-ақ, елдің бірлігі мен ынтымағын нығайтып, дамытуға үлес қосып жүрген бір топ азаматтар «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен және облыс әкімі мен облыстық мәсли­хаттың Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары