$ 449.58  486.94  4.86

Оңтүстікқазақстандық дәрігерлер ауылдарға аттанды

Шымкентте «Облыстың шалғай елдi мекендерi тұрғындарына медициналық көмек көрсету» акциясы басталды. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» ҚР Кодексi мен Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң тапсырмасы бойынша қолға алынған акция Ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына арналып отыр.

Iс-шараның ашылу салтанатында облыстық салауатты өмiр салтын қалыптастыру орталығының директоры Сейдiлдахан Ахатаев бұл бастаманың маңыздылығына тоқталды.

– Шалғай ауылдар мен елдi мекендердегi тұрғындардың денсаулығын түзеп, оларға көмектесу – мiндетiмiз. Желтоқсанның 1-iне дейiн жалғасатын акцияда бiлiктi дәрiгерлер өңiрдегi барлық ауыл-аймақтарды аралап, науқастарға тегiн ем-дом жасайды. Кеңес бередi. Мамандарымыз қант диабетi, жүрек-қан тамырлары және онкологиялық ауруларды ерте анықтап, тұрғындарға көмектеспек. Жұқпалы емес аурулардың алдын-алу бағытында қолға алынған акция аясында салауатты өмiр салтын насихаттайтын мамандарымыз да қызмет көрсетедi, – дедi С.Ахатаев.

«Облыстың шалғай елдi мекендерi тұрғындарына медициналық көмек көрсету» акциясына қатысушы дәрiгерлер арнайы көлiкпен Сайрам ауданына аттанып кеттi. Мамандар одан кейiн Төлеби мен Түлкiбас аудандарындағы жергiлiктi емханалар мен медициналық бекеттерде тұрғындарды қабылдайды. Арнайы топтың жұмыс кестесi туралы облыстық салауатты өмiр салтын қалыптастыру орталығының 54-50-75 және 54-51-59 телефон нөмiрлерiне хабарласып, бiлуге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары