$ 443.35  475.54  4.82

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Оңтүстікке де ат басын бұрады

Алыстағы ағайынды толғандырған мәселелер мен Тәуелсіздік жетістіктерін ел-жұртқа паш ету. Осы мақсатта әртүрлі саладан жасақталған 300-ге жуық өкіл жолға шықты. «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының жолаушылары енді ауыл-аймақты аралап, тұрғындарды толғандырған мәселелердің шешімін іздейді.

Алыстағы ағайын жыл сайын Астанадан келетін пойызды асыға күтеді. Өйткені, басы ауырып, балтыры сыздаған жандарға білікті мамандар диагноз қойып, кеңес береді. Игі дәстүр биыл да жалғасын тапты. Мерекелік пойыз құрамында 72 дәрігер бар. Олар талай жанның айығып кетуіне септігін тигізіп жүр.

Мира Ажахметова, дәрігер:

- Бұл менің екінші сапарым. Біздің құрамымызда бұрыннан істеп келе жатқан дәрігерлер бар. Бұл тәжірибе жүзінде шалғайда жатқан елді мекендерге көп көмек көрсететінімізді анықтады. Сондықтан қуанышпен атсалысып бара жатырмыз.

Керуен сапында министрлік өкілдері, білікті заңгерлер мен халық қалаулылары да бар. Егемен еліміздің ен даласын шарлап шығатын пойыз 35 ауыл-аймаққа ат басын бұрады. Олардың қатарында ОҚО-ның бірнеше елдімекені бар. Сапар аясында қоғамдық қабылдаулар, пайдалы кеңестерден бастап, қайырымдылық шаралар да өткізу жоспарлауда.

Әміржан Әлпейісов, «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы штабының жетекшісі:

- Ауылда жоқ мамандар біздің пойызда бар. Біз барған жерімізде таңертеңгі сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін қабылдау жасаймыз. Адамдармен кездесіп, елдің тарихы жөнінде әңгімелейтін боламыз. Ең бастысы, ұлтаралық, дінаралық келісімге үлкен мән бермекшіміз.

Бүгін алғашқы сапарға аттанған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы ендігі Қарағанды облысына табан тіреді. Енді мамандар 43 күн ішінде шалғайдағы тұрғындармен жүздесіп, хал-қадірінше қол ұшын беруі тиіс. Ал, мерекелік пойыз 14 желтоқсанда өз сапарын Алматыда түйіндейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары